Мәдениет

Балетмейстер: Би өнеріне қызығушылық артып келеді

Еліміз хореография саласында үлкен жетістіктерге жетті. Отандық мың бұралған бишілеріміз тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейдегі конкурстарда жүлделі орынға ие болып жүр.  Бүгінгі таңда хореографияның кәсіби әрі шығармашылық деңгейі – өте жоғары. Қазақ Ұлттық хореография академиясының балетмейстері Алмат Шәмшиев Elorda.info тілшісіне сұхбат берді. 

_E6C2957.jpg

Балетмейстерлеріміз шетелдік ауқымды жобаларға шақырту алып жүр. Солардың бірі Адамжан Бахтиярдың Женевадағы халықаралық жасөспірімдер спектакліне шақырылғаны сөзімізге дәлел бола алады.

Оның айтуынша, кәсіби деңгейі ұжымдағы репертуарынан көрінеді. 

Алмат Шердарұлы – Қызылорда облысының тумасы. Ол 2001-2005 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін музыка-педагогика факультетінің «Өнер (Хореография)» мамандығы бойынша білім алды.  

AG1A3407.jpg

Ал 2005-2017 жылдар аралығында Астана қаласы «Наз» мемлекеттік би театрында балет әртісі болып қызмет етті. Негізгі жұмысымен қатар, театрда, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық  іс-шараларда көптеген би қойылымдарының авторы болған. Сонымен қатар, осындай іс-шаралардың шеңберінде өткізілетін концерттік бағдарлама билерінің балейтмейстері болып жұмыс істеді (Азиада, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығы, қысқы Универсиада және т.б.). 

2013 жылдан бастап педагог-хореограф ретінде Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақ ұлттық хореография академиясындағы кәсіби білім беру мектеп-колледжінде педагог-хореограф.   Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап, Қазақ ұлттық хореография академиясындағы жоғары оқу орнында педагог-хореограф болып қызмет атқара бастады. 

Өмірін өнерге арнаған Сыр өңірінің тумасы көптеген өнер байқауында жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ға 60 жыл» медалімен марапатталды. 

 2019 жылы өткен Шара Жиенқұова атындағы V Республикалық қазақ биі байқауында Аққанат Смағұлова «Жеке орындаушылар/дуэттер» санаты бойынша ІІІ орынға ие болды.  (А.Шамшиевтің хореографисы). Аталған байқауда «Серілер салтанаты» атты нөмірімен би ансамблі Гран-приға ие болды. (А.Шамшиевтың хореографиясы). 2019 жылы 4 шілдеде Аққанат Смағұлова Кипрде өткен халық биінің XXIV Халықаралық фестиваліне қатысып, «XXIV Халықаралық фестивалінің үздік бишісі» атағына иеленді. Фестиваль барысында Аққанат 5 күн бойы тек қана ұлттық репертуар шеңберінде билерді орындады (А.Шамшиевтың хореографиясы). Фестивальға Аргентина, Чили, Солтүстік Македония, Түркия, Солтүстік Кипр, Қырғызстан және басқа да елдердің ансамбльдері қатысқан. 

Қазіргі кезде Алмат Шамшиев педагог,  би қоюшы, ғылыми және қоғамдық қайраткер ретінде қазақ би мәдениетін насихаттау бойынша республикалық, халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ол фестивальдер, семинарлар аясында қазақ биі бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді. 

-->

Театрлар туралы айтатын болсақ, онда жоғары классикадан бастап қазіргі заманауи спектальдерге дейін қойылады. «Салтанат» сияқты елімізге танымал ансамбльдердің өздері шығармашылық түлеуден өтіп, жаңарып, жасарып жатыр. Аймақтарда би өнеріне деген құрмет артты. Әсіресе, қазақтың ұлттық билеріне деген қошемет зор. Оны қарапайым қазақтың тойындағы сұраныстан көруге болады, - деді спикер.

Алмат Шердарұлы – Қызылорда облысының тумасы. Ол 2001-2005 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін музыка-педагогика факультетінің «Өнер (Хореография)» мамандығы бойынша білім алды.  

AG1A3407.jpg

Ал 2005-2017 жылдар аралығында Астана қаласы «Наз» мемлекеттік би театрында балет әртісі болып қызмет етті. Негізгі жұмысымен қатар, театрда, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық  іс-шараларда көптеген би қойылымдарының авторы болған. Сонымен қатар, осындай іс-шаралардың шеңберінде өткізілетін концерттік бағдарлама билерінің балейтмейстері болып жұмыс істеді (Азиада, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығы, қысқы Универсиада және т.б.). 

2013 жылдан бастап педагог-хореограф ретінде Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақ ұлттық хореография академиясындағы кәсіби білім беру мектеп-колледжінде педагог-хореограф.   Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап, Қазақ ұлттық хореография академиясындағы жоғары оқу орнында педагог-хореограф болып қызмет атқара бастады. 

Өмірін өнерге арнаған Сыр өңірінің тумасы көптеген өнер байқауында жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ға 60 жыл» медалімен марапатталды. 

 2019 жылы өткен Шара Жиенқұова атындағы V Республикалық қазақ биі байқауында Аққанат Смағұлова «Жеке орындаушылар/дуэттер» санаты бойынша ІІІ орынға ие болды.  (А.Шамшиевтің хореографисы). Аталған байқауда «Серілер салтанаты» атты нөмірімен би ансамблі Гран-приға ие болды. (А.Шамшиевтың хореографиясы). 2019 жылы 4 шілдеде Аққанат Смағұлова Кипрде өткен халық биінің XXIV Халықаралық фестиваліне қатысып, «XXIV Халықаралық фестивалінің үздік бишісі» атағына иеленді. Фестиваль барысында Аққанат 5 күн бойы тек қана ұлттық репертуар шеңберінде билерді орындады (А.Шамшиевтың хореографиясы). Фестивальға Аргентина, Чили, Солтүстік Македония, Түркия, Солтүстік Кипр, Қырғызстан және басқа да елдердің ансамбльдері қатысқан. 

Қазіргі кезде Алмат Шамшиев педагог,  би қоюшы, ғылыми және қоғамдық қайраткер ретінде қазақ би мәдениетін насихаттау бойынша республикалық, халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ол фестивальдер, семинарлар аясында қазақ биі бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді. 

Әлемдегі әр ұлттар бір-бірінен өнері арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі таңда елде шығармашылық салаға оның ішінде би өнеріне қоғамның қызығушылығы артып келеді. Бұл – қуантарлық жайт. Қазақтың әр шаңырағы қазақ өнерімен сусындап, ұлтын шексіз сүйетін ұл мен қыздары елімізді әлемдік аренада таныта берсін, - деп сөзін түйіндеді хореограф Алмат Шердарұлы.