Мәдениет

Қазақстандық жас өнерпаз Францияда өткен байқауда бірінші орын иеленді

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша CMA Trophee Mondial халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.

Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.

Айта кетейік, байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты атанған.