Мәдениет

Қазақстандық фильм Францияда Гран-при жеңіп алды

Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен түсіріліп, күні бүгінге дейін төрт бірдей жүлдеге ие болған. 

Жалпы фильмде күллі қазақтың қасіреті болған «Семей полигоны» құрбандарының тағдыры баяндалады. Одан бөлек ядролық жарылыстан зардап шегіп, қос аяқсыз дүниеге келген Мелістің тағдыры. Өмірдің жарым жолында жарынан айырылған жалғызбасты әке мен мүгедек әкесіне жанашыр, қамқор бола білген баланың күйбең тіршілігі көрсетіледі. Туындының тағы бір жаңалығы, басты рөлді кәсіби актер емес, өмірде де екі аяғынан айырылған қызылордалық – Орынбек Шаймағанбетов сомдайды. 

Айта кетерлігі, аталған картина бұған дейін Оңтүстік Кореяда 4-13 қазан аралығында өткен әйгілі Пусан кинофестивалінде «А Window on Asian Cinema» бағдарламасында көрсетіліп, тұсауы кесілген болатын.

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ

-->