Қазақ руханиятының бір дәуірі көшіп барады – Мейрамбек Беспаев
Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазушы Дулат Исабеков жайлы жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақтың классик жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат аға Исабековте өмірден өтіпті. Қазақ руханиятының тұтас бір дәуірі көшіп барады. Ағамыздың отбасына, туған туыстарына және оқырмандарына қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Жаныңыз жаннаттың төрінде болсын. Қош, Қазақ әдебиетінің Қара нары», - деді әнші.