Мәдениет

Атырауда сармат дәуіріндегі патша обасынан жүзге жуық алтын бұйым табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Қарабау-2» қорғанына жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде түрлі әшекей бұйым, қару-жарақтар мен керамикадан, сүйектен жасалған ыдыстар табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Табылған жәдігерлерге қарап мамандар «патшалық оба» деген баға беріп отыр.

2 жылдық археологиялық жұмыстың нәтижесі «Сармат алтындары» көрмесінде таныстырылды.

«Ғалымдар осыған дейін біздің аймақты Сармат империясының шеті деп есептеп келген. Қазба жұмыстарының нәтижесіне қарап Каспий ойпаты, Жайық, Жем өзенінің маңы кезіндегі үлкен империяның орталығы деп айтуға болады. Жалпы табылған жәдігердің саны мыңға жуықтайды. Оның жүз шақтысы — алтын әшекей мен зергерлік бұйым. Олар аң стилі негізінде жасалған», - деді археологиялық экспедицияның басшысы Марат Қасенов.

Археологтардың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар.