Мәдениет

Атырауда ұлттық киім шеруі өтеді

Атырауда 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қала тұрғындарының қатысуымен ұлттық киім шеруі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz azh.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл шара Атырау қаласында алғаш рет 2023 жылы 1 маусымда ұйымдастырылып, мыңдаған атыраулықтың қатысуымен өткен еді.  

Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді.  

«Қала тұрғындарын ұлттық киім киіп, отбасымен, балаларымен, ата-әжелерімен бірге осы ерекше шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге шақырамыз», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.  

Шеру мерекелік концертпен жалғасады.