Қасым ханның әйелінің қолжазбасы елге оралды
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қасым ханның әйелі Айша сұлтанның қолжазбасы сақталған, деп хабарлады Elorda.info.
Орталықтың директоры Жандос Болдықовтың айтуынша, аталған қолжазбаның көшірмесі Францияның Ұлттық кітапханасынан алынған.
Архив деректеріне көз жүгіртсек, Қасым ханның әйелінің қолжазбасы 1501-1515 жылдары түркі тілінде жазылыпты. Бұл - мұсылман теологиясы туралы трактат. Трактат жетпіс бір тараудан және қорытындыдан тұрады. Шығарманың басы мен соңы сақталмаған. Бұл еңбек өзбек-қазақ сұлтаны Қасым ханға күйеуге шыққан Тимурид билеушісі, сұлтан Хусейн Мырзаның қызы Айша сұлтан ханымға арналыпты.
Айта кетейік, Айша ханым өмірінің соңғы күндерін Үндістанда, Моғол империясында өткізіпті. Бұл қолжазба шамасы оның жеке кітапханасынан алынды. Кітап Шибанидтер Мавереннахрға келгеннен кейін Орта Азиядан қашқан Тимуридтер арқылы Үндістанға келген, кейін XIX ғасырда кітапты Францияның Ұлттық кітапханасы сатып алған. Осындай ұзақ сапардан соң халқымызға тиесілі құндылық өз елімізге қайта оралды.
-->Орталықтың директоры Жандос Болдықовтың айтуынша, аталған қолжазбаның көшірмесі Францияның Ұлттық кітапханасынан алынған.
Бұл XVI ғасырдағы қолжазба Ресей империя кезінде ме, Кеңес кезінде ме, әлде Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропаға әкетілді ме, ол жағы нақты белгісіз. Бірақ бұл кітапты XIX ғасырда Францияның Ұлттық кітапханасы сатып алғаны мәлім. Қолға алған жобамыздың аясында шетелдерді аралап, елімізге қатысты құнды деректерді жинау кезінде осындай 150-ге жуық қолжазбаны елімізге қайтарып алдық, - деді орталық директоры Жандос Болдықов.