Мәдениет

Астанада жазушы Әкім Таразидың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін Астанадағы  Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында қазақ әдебиетінің алыбы, жазушы-драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидың 90 жасқа толу мерейтойына арналған бенефис өтті, деп хабарлады Elorda.info

Қаллеки театрында ұйымдастырылған көрнекті жазушы, дарынды драматургтің мерейтойына жиналғандардың қарасы көп болды. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек бастаған қалың әдебиетсүйер қауым торқалы 90 жасқа толған Әкім Таразиді тік тұрып, қошеметпен қарсы алды. 

Сахна төріне көтерілген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алдымен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған Құттықтау хатын оқып берді. 

фото аким 3.jpg

-Құрметті Әкім аға, бүгін осында өзіңізді құттықтауға біраз азаматтар жиналып отыр. Оның ішінде Үкіметтен, Парламенттен келген әріптестеріміз де бар. Әрине, бәріміз Президентіміздің құттықтауына қосыламыз. Жаңа Президент құттықтауын естідіңіздер. Мемлекет басшысы жылы сөздерімен, терең ойларымен өзінің ниетін, тілегін Әкім ағамызға жеткізіп жатыр. Бәрі құтты болсын, аға! Бәрі ұзағынан болсын! - дей келе Мәулен Әшімбаев өз сөзін әрі қарай жалғады. 

фото аким 2.jpg

Әдебиет алыбының құрметіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің атынан ықылас гүлдері ұсынылды. 

Әкім Таразидың 90 жылдық мерейтойына арналған кеште көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылығы театр қойылымымен өрнектеліп, дәстүрлі әнші-күйшілердің ән-күйімен өріліп отырды.

Салтанат Мұратқызы

-->

Жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Үртайұлы Әшімовке! 

Құрметті Әкім Үртайұлы! 

Торқалы 90 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Халқымыз өзіңізді кемел ойлы, аса көрнекті қаламгер, дарынды драматург, қажырлы еңбегімен, асыл қасиеттерімен абыройға бөленген қоғам қайраткері ретінде  жақсы біледі және құрметтейді. Еңбек жолыңызда отандық әдебиеттің алтын қорына ауқымды олжа салып, ұлттық мәдениет пен кино өнерінің кең қанат жаюына сүбелі үлес қостыңыз. Көрікті ойдан нәр алып, кестелі сөзбен өрілген классикалық үлгідегі тартымды туындыларыңызда уақыт өлшемі мен шексіз кеңістікке жаңа тұрғыда зер салатын философиялық ой-толғамдарыңыз өте көп. Қоғамға сыни көзқараспен қарап, замандастарыңыздың кескін- келбетін шынайы суреттеп, барша адамзатты толғандырған мәселелерге жұрт назарын аудара білдіңіз. Алдағы уақытта да халқымыздың құрметі мен ыстық ықыласына бөленіп, ғибратты ғұмыр кеше беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге зор денсаулық және отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!,- делінген Мемлекет басшысының мерейтой иесіне жолдаған Құттықтау хатында.

фото аким 3.jpg

-Құрметті Әкім аға, бүгін осында өзіңізді құттықтауға біраз азаматтар жиналып отыр. Оның ішінде Үкіметтен, Парламенттен келген әріптестеріміз де бар. Әрине, бәріміз Президентіміздің құттықтауына қосыламыз. Жаңа Президент құттықтауын естідіңіздер. Мемлекет басшысы жылы сөздерімен, терең ойларымен өзінің ниетін, тілегін Әкім ағамызға жеткізіп жатыр. Бәрі құтты болсын, аға! Бәрі ұзағынан болсын! - дей келе Мәулен Әшімбаев өз сөзін әрі қарай жалғады. 

-Жалпы, құрметті қауым, осында отырған бәріміз Әкім ағамызды әдебиетіміздің алыбы, көрнекті жазушы , дарынды драматург, абыз ақсақал ретінде ерекше құрметтейміз. Ағамыздың тойы қазақ руханиятының тойы деп айтып жатырмыз, ағамыздың қазақ әдебиетінде орны өте ерекше. Әкім Таразидың «Жаза», «Қиянат» , «Шер», «Тасжарған» романдары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған құнды қазына екені сөзсіз. Сіздің шығармаларыңыз әрі қарай да келесі ұрпақ, келесі буын оқырмандарының көңілінен шығып, қазақ халқына қызмет ете беретініне сенеміз. Сіздің бірегей пьесаларыңыз да қазақ өнерін, қазақ театрын жаңа белеске алып шыққанын ерекше атап өтуіміз керек. Сонымен қатар, Әкім ағамызды бәріміз ұлт жанашыры, ұлтжанды азамат ретінде ардақтаймыз. Бүгінгі күні Әкім ағамыз абыз ағамыз ретінде өзінің орнықтылығымен, салиқалылығымен, қарапайымдылығымен, адами қасиеттерімен бәрімізге үлгі деп айтсақ орынды болар еді. Қазіргі кездегідей алмағайып заман әр түрлі түске боялып тұрған кезде Сіз сияқты өзінің өмірлік жолымен, адами қасиеттерімен жастарға өнеге-үлгі көрсететін адамдар, ақсақалдар ауадай қажет, - деген Сенат төрағасы ата дәстүр жолымен мерейтой иесінің иығына шапан жапты. 