Астанадағы Ұлттық музейде кезекті «Жұлдызды гид» жобасы өтті
ҚР Ұлттық музейінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін «Жұлдызды гид» жобасы биылда жалғасын тапты, деп хабарлады Elorda.info
2015 жылдан бастау алған аталмыш шараның негізгі мақсаты тарихи мәдени мұраны насихаттап, жас ұрпақ бойына дарыту.
Бұған дейін айтулы жобаға Әділ Ахмет, Алтынай Жорабаева, Құрмаш Маханов, т.б. өнер иелері қатысқан. Осы жолы экскурсияны Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, дубляж шебері, композитор Олжас Дәлелхан жүргізді.
Бағдарлама барысында ол «ХІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы» залы бойынша аудиторияға мағлұмат берді. Музей келушілері өз әсерімен бөлісті.
Дариға ҚҰРМАНӘЛІ
-->2015 жылдан бастау алған аталмыш шараның негізгі мақсаты тарихи мәдени мұраны насихаттап, жас ұрпақ бойына дарыту.
Біздің басты мақсатымыз имидж қалыптастыру арқылы, музейге келушілер санын арттыру. Биылғы жылға дейін жоба жылына бір рет ұйымдастырылып келді. Енді ай сайын өткізіліп, оған тарихшылар, белгілі блогерлер, театр және киносаласындағы әртістер, тележүргізушілер шақырылатын болады. Осылайша, халық медиадағы тұлғаларды жаңа қырынан тани алады, - деді музейдің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Айгерім Орынбасарқызы.
Бұған дейін айтулы жобаға Әділ Ахмет, Алтынай Жорабаева, Құрмаш Маханов, т.б. өнер иелері қатысқан. Осы жолы экскурсияны Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, дубляж шебері, композитор Олжас Дәлелхан жүргізді.
Шынымды айтсам қобалжып тұрмын. Маған экскурсия жүргізгеннен гөрі, театрда күніне 5-6 спектакль ойнаған жеңілірек сияқты. Байқағаным әрбір экспонантты кітаптан оқып немесе фотосын сырттай тамашалағаннан, көзбен көрген әлдеқайда ерекше әсер сыйлайды екен. Сол себепті де, осындай жиындар ұйымдастырылғаны дұрыс деп санаймын. Жас буынның музейге келіп, ұлттық құндылықтарымызбен танысып жатқаны көңіл қуантады. Өзімде іс-сапарлар барысында әр шаһардағы мәдени орындарға барып тұрамын, - деді бүгінгі жобаның қонақ гиді.
Бағдарлама барысында ол «ХІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы» залы бойынша аудиторияға мағлұмат берді. Музей келушілері өз әсерімен бөлісті.
Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтті. Әр ұлт өз тарихын білуі керек. Өйткені, тарихын бағамдай алмаған ел, болашағына барлау жасай алмайды. Жұлдызды қонақ ретінде келген Олжас мырзаға рақмет. Бүгінгі іс-шараға келуімнің де басты себепкері осы кісі. Өз кумирімді актер емес, экскурсия жүргізушісі ретінде таныдым, - дейді өз әсерімен бөліскен келушінің бірі Азат Нұрберген есімді жігіт.
Дариға ҚҰРМАНӘЛІ