Астанада танымал музыканттар концерт өткізеді
«Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев пен пианист, Ұлыбританияның Лидс қаласында өткен танымал халықаралық пианистер байқауының жеңімпазы Әлім Бейсембаев 14 қазанда театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.
Көпшіліктің назарына классикалық музыканың інжу-маржандары – Фредерик Шопеннің Бірінші фортепиано концерті мен Людвиг ван Бетховеннің Бесінші симфониясы ұсынылады.
Алан Бөрібаевтың шығармашылық жолы халықаралық дирижерлер байқауларындағы жарқын жеңістермен қарқынды басталды. Кейін ол өзін әлемдік мәдени қауымдастықта біртуар маэстро ретінде көрсетті. Ол әлемнің көптеген ірі театрларымен және симфониялық ұжымдарымен жұмыс істеп, қазақстандық мәдениетті шетелде танымал етуде және өнеріміздің дамуына зор үлесін қосуда. Маэстроның ең үлкен еңбектерінің бірі – Еуропадағы Оңтүстік Тюрингия мемлекеттік операсының сахнасындағы (Германия) Жұбанов пен Хамидидің «Абай» операсы.
Пианист Әлім Бейсембаев қазіргі таңда Ұлыбританияда тұрады. Оның есімі түрлі музыкалық додалардағы жеңімпаздардың тізімінде жиі аталады. Ол – Веймарда өткен Лист атындағы халықаралық жасөспірімдер байқауының және Манчестерде өткен Халықаралық пианистер байқауының лауреаты, сондай-ақ В.Клиберн атындағы I халықаралық жас пианистер байқауының жеңімпазы. Жуырда Әлім Испанияның Виго қаласында Марта Аргерих бастаған белгілі өнер иелерінің қазылық етуімен өткен халықаралық байқауда лауреат атанды. Пианист түрлі музыканттармен қуана жұмыс істеп, Лондондағы камералық ансамбльдердің құрамында үнемі өнер көрсетеді.
Әлім Бейсембаев үшін бұл маэстро Алан Бөрібаевпен бірге алғашқы өнер көрсету болмақ. Пианист бірлесіп жұмыс істейтін күнді тағатсыздана күтіп жүргенін айтты.
Концерттің басталуы 18:00-де.
-->«Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев пен пианист, Ұлыбританияның Лидс қаласында өткен танымал халықаралық пианистер байқауының жеңімпазы Әлім Бейсембаев 14 қазанда театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.
Көпшіліктің назарына классикалық музыканың інжу-маржандары – Фредерик Шопеннің Бірінші фортепиано концерті мен Людвиг ван Бетховеннің Бесінші симфониясы ұсынылады.
Алан Бөрібаевтың шығармашылық жолы халықаралық дирижерлер байқауларындағы жарқын жеңістермен қарқынды басталды. Кейін ол өзін әлемдік мәдени қауымдастықта біртуар маэстро ретінде көрсетті. Ол әлемнің көптеген ірі театрларымен және симфониялық ұжымдарымен жұмыс істеп, қазақстандық мәдениетті шетелде танымал етуде және өнеріміздің дамуына зор үлесін қосуда. Маэстроның ең үлкен еңбектерінің бірі – Еуропадағы Оңтүстік Тюрингия мемлекеттік операсының сахнасындағы (Германия) Жұбанов пен Хамидидің «Абай» операсы.
Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын концертімізге шақырамын. Сахнадағы басты кейіпкер «Астана Операның» тамаша симфониялық оркестрі болады. Біз Людвиг ван Бетховеннің классикалық музыканың ең танымал туындыларының бірі саналатын №5 симфониясын орындаймыз, ал біздің дарынды отандасымыз Әлім Бейсембаев Ф.Шопеннің концертін ұсынады. Оның марапаттар қоржынында Лидсте өткен байқаудың бірінші сыйлығы бар. Тарихта тұңғыш рет қазақстандық пианистің осындай беделді байқауда бірінші сыйлықты алғанын айта кетуім керек, - деп атап өтті «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев.
Пианист Әлім Бейсембаев қазіргі таңда Ұлыбританияда тұрады. Оның есімі түрлі музыкалық додалардағы жеңімпаздардың тізімінде жиі аталады. Ол – Веймарда өткен Лист атындағы халықаралық жасөспірімдер байқауының және Манчестерде өткен Халықаралық пианистер байқауының лауреаты, сондай-ақ В.Клиберн атындағы I халықаралық жас пианистер байқауының жеңімпазы. Жуырда Әлім Испанияның Виго қаласында Марта Аргерих бастаған белгілі өнер иелерінің қазылық етуімен өткен халықаралық байқауда лауреат атанды. Пианист түрлі музыканттармен қуана жұмыс істеп, Лондондағы камералық ансамбльдердің құрамында үнемі өнер көрсетеді.
Әлім Бейсембаев үшін бұл маэстро Алан Бөрібаевпен бірге алғашқы өнер көрсету болмақ. Пианист бірлесіп жұмыс істейтін күнді тағатсыздана күтіп жүргенін айтты.
Көпшілік Шопенді оның техникалық шеберлік пен поэтикалық мәнерлілікті үйлестіріп, фортепиано арқылы терең эмоцияларды жеткізе білетін қабілеті үшін жақсы көреді. Себебі Шопен өзінің Отанына жүрегімен берілген болатын, ол концертке поляк халық музыкасы мен мәдениетінің элементтерін қосып, өзінің патриоттық сезімін көрсетеді. Бұл концертте тұтас музыка тарихындағы ең жоғары дәрежедегі туындылар шырқалады. Екі туынды да, яғни Бетховеннің Бесінші симфониясы мен Шопеннің Бірінші концерті көптеген эмоциялар туғызып, жігерді жаниды, - деп қорытындылады Әлім Бейсембаев.
Концерттің басталуы 18:00-де.