Мәдениет

Астанада «Ромео мен Джульетта» спектаклінің премьерасы өтеді

«Астана Балет» театрында маусымның көптен күткен оқиғасы – Ресей және Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Владимир Яковлевтің қойылымындағы Сергей Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балетінің премьерасы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құрылған. Екеуі Веронадағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі. Ромео мен Джульетта отбастарының қырғи-қабақ арпалысы қасіретке алып келеді. Ромео мен Джульеттаның сезімі – жауласқан отбасы мүшелерінің жүрегін елжіретіп, өшпенділіктің түбінде орға жығатынына, сүйіспеншіліктің асыл табиғатына көпшіліктің көңілін тағы бір аударады. Спектакль поэтикалық бай тілімен ерекшеленіп, мәңгілік тақырып пен жастардың албырт сезімін суреттегені әмбеге аян. 

Театрдың бас дирижері Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі «Астана Балет» симфониялық оркестрінің орындауындағы Прокофьевтің музыкасы адам жанының нәзік психологиялық иірімдерін, Шекспирдің ой-толғамы мен трагедияларының ішіндегі шоқтығы биік туындысындағы драма мен асыл сезімді дәл жеткізеді. 

«Ромео мен Джульетта» балетінің премьерасы талғамы биік көрерменнің көкейінен шығып, көпшілік асыға күткен зор оқиға болары анық. Көпшілік сахналар, детальдерге жете мән берілген әсем костюмдер мен декорациялар, Сергей Прокофьевтің ғажайып музыкасы мен Владимир Яковлевтің хореографиясы қайталанбас атмосфера тудырып, көрермен қауым бас кейіпкерлердің сүйіспеншілік пен албырт сезімге толы әлеміне шоматыны анық. 

Айта кетейік, премьера Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

-->

Хореография өнері зор кәсібилікті, қажырлы еңбек пен адалдықты талап етеді. Осы спектакльді дайындап жатқан топқа құрметім шексіз. Осы премьераға ұзақ дайындалдық. Қалың көпшілікке белгілі оқиғаның тереңдігін көрсетіп, эмоционалды жүгін арқалау оңай болмасы анық. Бірақ, бұл премьера балет өнерін қадірлеушілер үшін айтулы оқиғаға айналып, көрерменді де бей-жай қалдымасына сенімдімін, – деді театр директоры Александр Совостьянов.

Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құрылған. Екеуі Веронадағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі. Ромео мен Джульетта отбастарының қырғи-қабақ арпалысы қасіретке алып келеді. Ромео мен Джульеттаның сезімі – жауласқан отбасы мүшелерінің жүрегін елжіретіп, өшпенділіктің түбінде орға жығатынына, сүйіспеншіліктің асыл табиғатына көпшіліктің көңілін тағы бір аударады. Спектакль поэтикалық бай тілімен ерекшеленіп, мәңгілік тақырып пен жастардың албырт сезімін суреттегені әмбеге аян. 

Театрдың бас дирижері Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі «Астана Балет» симфониялық оркестрінің орындауындағы Прокофьевтің музыкасы адам жанының нәзік психологиялық иірімдерін, Шекспирдің ой-толғамы мен трагедияларының ішіндегі шоқтығы биік туындысындағы драма мен асыл сезімді дәл жеткізеді. 

Бұл махаббат пен екі әулет арасындағы өшпенділік жайлы классикалық туынды қазіргі кезде де өзектілігін жойған жоқ. Біз Шекспирдің түпнұсқа шығармасының эмоционалды тереңдігін сақтай отырып, қазіргі замандағы көкейкесті мәселелерді қозғайтындай етіп спектакльді интерпретацияладық. Құштарлық, махаббат пен қасіретке толы осы балет музыкамен үйлесім тауып, көпшілікке мәлім Ромео мен Джульетта туралы классикалық туындыны әр көрерменнің жүрегіне жеткізе баяндайды, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.