Мәдениет

Астанада «Опералия» халықаралық музыка фестивалінің ашылуы өтті

«Астана Опера» театрының Үлкен залында «Опералия» халықаралық музыка фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара 16 шілдеге дейін жалғасады. Бағдарламада опера және балет қойылымдары, сондай – ақ танымал отандық және шетелдік артистердің қатысуымен симфониялық, камералық және ұлттық музыка концерттері бар, деп хабарлады Еlorda.info.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Опералияның ашылу күні көрермендердің назарына чех хореографы Джири Килианның «Алты би», «Құлаған періштелер» және «Кішкентай өлім» қойылымдары ұсынылды. Сахнада «Астана Балет» театрының артистері мен «Астана Опера» театрының балет труппасы өнер көрсетті.

«Опералия» - 20 жылдық тарихы бар ауқымды халықаралық фестиваль. Биыл Астанада Италия, Оңтүстік Корея, Германия және тағы да басқа таяу және алыс шетелдерді қоса алғанда, әлемнің 12 елінен артистер мен дирижерлер жиналады. 

Фестиваль аясындағы алғашқы қойылым Дж. Вердидің «Дон Карлос» операсы. Қойылымды қала тұрғындары мен қонақтары 16 және 17 маусымда тамашалады. Сондай-ақ, Дж. Вердидің «Аида» (5-6 шілде), Дж.Россинидің «Алжирдегі итальяндық әйел» қойылымының премьерасы (29-30 маусым) және Дж.Пуччинидің «Турандот» (12-13 шілде) қойылымдары көрсетіледі. Әр опера түрлі құраммен екі рет орындалады.

Елордалық көрермендердің назарына 4 концерт ұсынылады. Бұл ҚР Президенттік оркестрінің халық музыкасы ансамблінің «Серпін» музыкалық кеші (28 маусым), ШЫҰ елдерінен шақырылған солистердің қатысуымен гала-опера (7 шілде), «Жылдың 12 маусымы» камералық музыка концерті (9 шілде). Сонымен қатар, «Опералия» мен «Астана Операның» 10-шы мерейтойлық маусымының жабылуына орай симфониялық концерт өтеді, онда алғаш рет А.Жұбанов пен Ғ. Жұбанованың «Құрманғазы» операсына симфониялық сюита ұсынылады (16 шілде). Бағдарламаға С.Прокофьевтің «Золушка» балеті де енген (23 маусым).

-->

«Биыл фестиваль үлкен ауқымға ие болды. «Опералияның» мақсаты - қазақстандықтарды әртүрлі елдердің танымал артистерімен және ұжымдарымен таныстыру, өзара мәдени байланыстарды нығайту. Мұндай деңгейдегі орындаушыларды көрермен қауым күн сайын көре бермейді, сондықтан бұл жоғары өнер мерекесі елордамыздың мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналатынына күмән жоқ», — деді Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.