Мәдениет

Астанада «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әлемнің жарығы» деген атаумен өткен кешке, қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, елордалық медициналық-әлеуметтік сала қызметкерлері, ұстаздар, еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, әскери қызметшілер мен комуналдық қызметте жүрген жандар қатысты, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мыңнан аса көрермен жиналған мерекелік жиында қазақ эстрадасы мен дәстүрлі ән өнерінің белгілі өкілдері ін мен жырдан шашу шашты..     

Концерт барысында  тек ән мен жыр емес, қазақ даласында ғұмыр кешкен, сонау Ұмай анадан бастап, Домалақ ана, Марау ана, Жұпар ана, Қарашаш ана, Қыз Данай, Бопай ханым, Айғаным шеше, Қарқабат ана сияқты тұлғалары тау, адамзат үшін, ұлт үшін еткен еңбегі ерен ғажап  аналардың есімдері аталып, олар, туралы толымды мағлұматтар берілді. 

конц 1.jpg

Мәселен осы тұлғалардан бөлек, қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш дәрігер қыз Гүлсім Асфендиярова, алғаш мектеп ашып, бала оқытқан хан Жәңгірдің ұрпағы Құсни-Жамал Нұралыханқызы, әйел журналистердің қарлығашы Нәзипа Құлжанова тағы басқа аттары тарих беті мен халық жадында мәңгі сақталып қалған айтулы арулардың есімдері мен ел үшін еткен еңбектері аталып өтілді. 

конц 2.jpg

Концертте қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жұбаныш Жекен мен ұлы Абик Жексен, Ардақ Балажанова, Мадина Сәдуақасова, Дастан Оразбековтердің шырқаған әндері мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі орындаған туындылар арулар мерекесіне естен кетпес шаттық тарту етті. 

конц.jpg

Одан бөлек кейінгі жастар арсында ерекше ықыласқа бөленіп жүрген Қазбек Құрайыш, Тұрар, Олжас Құрманбек, Рамина Сатыбалды мен Bala time балалар хоры, Аян Байжігіт, Бағжан Октябр, Ayree секілді жас өнерпаздардың өнері келушілерге керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кеш соңында  концерттің ұйымдастырушысы астана қалас әкімдігінің ықылас гүлі тарту етілді. 

Концерт барлық өнерпаздармен бірге көрермендер қосыла шырқаған Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі  «Ана туралы жыр» әнімен қорытыланды.

-->