Астанада «Алжирдегі италиялық қыз» комедиялық операсы қойылады
«Астана Опера» театры көрермендеріне 5 және 26 желтоқсанда Дж.Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» комедиялық операсын ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл күндері спектакльдің басты кейіпкерлерінің бейнелерінде елордалық театрдың көрнекті солистерінің дебюттері қойылады.
5 желтоқсанда ғажайып Изабелланың партиясында жетекші солист Татьяна Вицинскаяның, ал Мұстафа бейдің рөлінде опера солисі Ержан Саиповтың дебюттері жоспарлануда. Бұл күні Джоаккино Россинидің опера жауһарындағы кейіпкерлердің бейнелерін театрдың жас солистері таныстырады, атап айтсақ олар: Әли – Дінмұхамед Көшкінбаев, Таддео – Азат Мәлік, Линдоро – Әлихан Зейнолла, Зульма – Әйгерім Аманжолова, Эльвира – Гүлдана Алдадосова.
26 желтоқсанда өтетін «Алжирдегі италиялық қыз» мазмұнды қойылымында да айтулы дебюттер орын алады. Сонымен, басты кейіпкер Изабелланы таныстыруға театр солисі Салтанат Мұратбекова дайындалуда, ал Зульма мен Әлидің партияларында оның әріптестері – солистер Елена Ганжа мен Алтынбек Әбілданың дебюттері жоспарланған. Мұстафаның бейнесінде сахнаға Шыңғыс Расылхан шығады, Таддеоны Ержан Саипов орындайды, Линдоро – Нарұл Тойкенов, Эльвира – Айзада Қапонова.
Джоаккино Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» операсының қоюшы режиссері ретінде Еренбақ Тойкенов тер төгіп, операдағы іс-әрекетті біздің заманымызға сәйкестендірді. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, опера труппасының директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.
-->Бұл күндері спектакльдің басты кейіпкерлерінің бейнелерінде елордалық театрдың көрнекті солистерінің дебюттері қойылады.
Композитор Джоаккино Россинидің шексіз қиялы мен музыкалық дарыны оқиға желісін қызықты, қабылдауға жеңіл әрі тапқырлығымен көзге түсетін операны жасап шығарды. Көрермендер қылымсыған италиялық бикеш Изабелланың мәдениеті беймәлім алыс шығыс аймақтарда басынан өткеретін оқиғасын асқан қызығушылықпен тамашалап, құштарлық тұңғиығына енеді. Бас айналдырарлық шебер пассаждар, тамаша ансамбль және хор көріністері, бай әуен вокалистерге өз дарынын толық көрсетуге мүмкіндік береді және көпшілікке ұмытылмас әсер қалдырады, - деді қоюшы дирижер Руслан Баймурзин.