Мәдениет

«Астана Опера» театрында ерекше концерт өтеді

«Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында DOMBRAsadors live ерекше концерті өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Оның ерекшелігі – көпшілік алдында шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері және театр әртістері өнер көрсетеді. Олар шығармашылық тұтастық пен мәдени сан алуандылықтың әсерлі атмосферасын жасайды. Ал билеттердің сатылымынан түсетін барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. 

Концерт вокалдық және аспаптық өнер көрсетулердің, соның ішінде домбыраның ғажайып күші үйлесімінің арқасында бірегей сипатқа ие болады. Домбырада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» директоры Ғалым Ахмедьяров өнер көрсетеді. Көрермендердің шынайы қуанышты сезініп, әртістердің шеберлігінен шабыт алатынына еш күмән жоқ. 

«Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров аталмыш музыкалық бастаманың зор маңызын атап өтті. 

Концертте Португалияның Қазақстандағы елшісі Мария де Фатима Мендес (вокал), Испания Корольдігінің елшісі Хорхе Урбиола (аккордеон), Нидерланд Корольдігі елшісінің орынбасары Наут ван Вауденберг (фортепиано), Германия елшілігінің кеңесшісі Мехтхильд Зассе (виолончель), Қазақстан елшісі және бұрынғы сыртқы істер вице-министрі, композитор Константин Жигалов (вокал), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры Ғалым Ахмедьяров (домбыра), Эркин Семих Озтюрк (түрік сазы, вокал) және тағы басқалар өнер көрсетеді.

Бағдарлама «Bülbülüm Altın Kafeste» түрік халық әнінен бастап, «La Cumparsita» аңызға айналған тангосына дейін сан алуан жанрдағы туындыларды қамтиды. «Мені айға алып кет» («Fly Me to the Moon»), португал халық әні тәрізді вокалдық шығармалардан, тіпті Филипп Сандтың орындауындағы электрондық музыкадан тұратын айрықша әуезді кешке қайталанбас атмосфера сыйлайды. 

Қазақстан елшісі әрі композитор Константин Жигаловтың түрлі мәдениеттер арасындағы жарқын музыкалық көпірге айналады деп күтілетін «Радуга» символдық туындысы ерекше назар аударуға лайық. 

-->

Бұл концерт шығармашылық мерекесі болып қана қоймай, сонымен қатар адамдарды музыка тілі арқылы біріктіретін өнердің құдіретін паш ететін бірегей оқиғаға айналмақ. Шет мемлекеттер елшілерінің қатысуы шараға ерекше халықаралық сипат береді және елдеріміздің мәдени байланысын нығайтады. Сондай-ақ осынау музыкалық кештегі өнер қайырымдылық мақсаттарға жетудің құралы ретінде қызмет ететінін атап өтуіміз қажет, - деді директор. 