Мәдениет

«Астана Опера» театры алғаш рет Грузияда өнер көрсетеді

Грузиялық көрермен қауымды жетекші солистер мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі театрдың Симфониялық оркестрі мен хорының орындауында қазақстандық шығармалардан музыка, сондай-ақ әлемдік жауһарлармен ұмытылмас кездесу күтеді, деп хабарлады Elorda.info

23 қыркүйек күні Шота Руставели атындағы Ұлттық мемлекеттік академиялық театр сахнасында «Тбилисидегі дала үні» гастрольдік концерті өтеді.

«Астана Опера» бас дирижерінің орынбасары Абзал Мұхитдин қазақ операларының музыкасы мен аспаптық нөмірлердің үлкен бөлімінен тұратын гала-бағдарлама әзірлеуде, сонымен қатар есімдері дүниежүзіне аян композиторлардың операларынан ариялар мен ансамбльдер шырқалады.

Маэстроның айтуынша, театрдың грузин әріптестері Манана Гуния және Алла Симонишвилимен көпжылдық жемісті ынтымақтастығы Ш.Руставели атындағы театрдың 
фойесіндегі «Пикколо театры» жобасының операларынан костюмдер көрмесінен және 
концертте опера-буффаның сахналарын орындаудан көрініс таппақ.

Грузия бүкіл әлемге музыкаға, атап айтқанда вокалды музыкаға деген ерекше сүйіспеншілігімен танымал. Бағдарламаға театрдың жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанат Шыбықбаев, Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязова, Медет Чотабаев, Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, сондай-ақ халықаралық және ұлттық байқаулардың лауреаттары Гүлжанат Сапақова, Евгений Чайников, Татьяна Вицинская, Ержан Саипов, Артур Ғабдиевтің қатысуы жоспарланған. 

Театрдың опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат 
Жылтыркөзов.

-->

Жыл санап «Астана Опера» театры гастрольдерінің географиясы кеңейе түсуде. Қазақстанда да, шетелдерде де әртістеріміз бен музыканттарымызды құшақ жая ыстық ықыласпен қарсы алады. Шетелдегі әрбір өнер көрсету – жауапты әрі толқынысты оқиға, себебі біз өз театрымызды таныстырып қана қоймай, еліміздің атынан өнерімізді паш етіп, шетелдіктерді ұлттық мәдениетімізбен сусындатамыз. Сондықтан біз үнемі гастроль бағдарламасына отандық авторлардың туындыларын енгіземіз – бұл сөзсіз-ақ ұғынылатын әмбебап музыка тілімен өз еліміз туралы айтудың тамаша мүмкіндігі, – деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

«Астана Опера» бас дирижерінің орынбасары Абзал Мұхитдин қазақ операларының музыкасы мен аспаптық нөмірлердің үлкен бөлімінен тұратын гала-бағдарлама әзірлеуде, сонымен қатар есімдері дүниежүзіне аян композиторлардың операларынан ариялар мен ансамбльдер шырқалады.

Маэстроның айтуынша, театрдың грузин әріптестері Манана Гуния және Алла Симонишвилимен көпжылдық жемісті ынтымақтастығы Ш.Руставели атындағы театрдың 
фойесіндегі «Пикколо театры» жобасының операларынан костюмдер көрмесінен және 
концертте опера-буффаның сахналарын орындаудан көрініс таппақ.

Біздің солисіміздің грузин операсынан арияны орындауы, сондай-ақ домбыраның 
ойнауы көпшілік үшін тосынсый болады, – деп бөлісті Абзал Мирасбекұлы.