Мәдениет

Astana Opera академиясында соңғы қоңырау кеші өтеді

«Астана Опера» театрының Х мерейтойлық маусымының аяқталуы қарсаңында 27 маусымда К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтетін «Үлкен опера» ғаламат концерті Astana Opera Халықаралық опера академиясы үшін ақырғы аккорд болмақ, деп хабарлады Elorda.info академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл күні классикалық өнер жанкүйерлеріне біртуар қазақстандық және шетелдік авторлардың опералық спектакльдерінен ариялар, дуэттер мен көріністердің жарқын интерпретациялары ұсынылады. А.Жұбанов, Л.Хамидидің әйгілі «Абай» операсынан Айдардың ариясы – ұлы Абайдың көпшілік ұнататын «Айттым сәлем, Қаламқас» әні және тағы басқалары шырқалады. Сондай-ақ бағдарламаға Р.Леонкаваллоның «Паяцы» операсынан Недданың балладасы, Ш.Гуноның «Фауст» операсынан Маргаританың ариясы, Дж.Пуччинидің «Богема» операсынан Мимидің ариясы, Рудольфтің ариясы және Мими мен Рудольфтің дуэті, Дж.Вердидің «Аида» операсынан Аиданың романсы, Аида мен Радаместің дуэті, Н.Римский-Корсаковтың «Майская ночь» операсынан Левконың ариясы тәрізді танымал шығармалар енді. 

Әлемдік опералық репертуардан ариялар мен дуэттерді жарқын вокалистер Назым Сағынтай, Ұлпан Әубәкірова, Саян Исин, Талғат Аллабиринов, Ораз Мұхамедияр, Нұрқанат Тәпиев, Расул Жармағамбетов, Валерий Селиванов және тағы басқалары орындайды. Концертмейстерлер – Зәру Жазықбаева, Дина Мирманова, кеш жүргізушісі – Айсұлу Тәни.

Валерий Селиванов.jpg

Айта кету керек, білім алған екі жыл ішінде жас әртістер үлкен нәтиже көрсетті – беделді байқаулардың лауреаттары атанып, академияның марапаттар қоржынына көптеген жеңістер әкелді, халықаралық агенттердің назарын аудартты, Қазақстан қалалары мен республикадан тысқары жерлердегі жетекші сахна алаңдарында бірнеше мәрте өнер көрсетті, тіпті академистердің кейбіреуімен шетелдік театрлар келісімшарт жасасуға дайын. Осының барлығы орындаушылардың шеберлік деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Олар өз шеберліктерін академия қабырғасында жетекші қазақстандық және шетелдік ұстаздардың қатысуымен болған сабақтарда ұштады. Ал жуырда еліміздің жанайын деп тұрған опера жұлдыздары түлек атанады, өйткені 3 шілдеде Astana Opera Халықаралық опера академиясын аяқтағаны туралы сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтеді. 

-->

Биыл «Астана Опера» үшін қос мереке қатар келді. Біз X мерейтойлық маусымды ойдағыдай аяқтап қана қоймаймыз, сонымен бірге жақын арада Халықаралық опера академиясынан алғашқы түлектер қанат қағады. Биыл академиядан түлеп ұшатын жас дарындар қазақстандық және шетелдік көрермендерді өз өнерлерімен қуанта береді және олардың есімдері жетекші театрлардың афишаларында таралады деген сенімдемін. Өз кезегімде, опера академиясының тыңдаушыларын осынау айтулы оқиғамен құттықтап, оларға үлкен шығармашылық өмірге ақ жол тілегім келеді. Білім алған екі жылда сіздердің өмірлеріңізде көптеген жетістіктер орын алды, осынау табыстарыңыз жылдан жылға ұлғая берсін, – деді түлектерге тілегін білдірген «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. 