«Астана Балет» театры халықаралық фестивальде күміс жүлдеге ие болды
«Астана Балет» театры Cheonan World Dance Festival 2025 атты халықаралық фестивальде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Аталмыш фестиваль Оңтүстік Кореядағы Чхонан қаласында 24-28 қыркүйек аралығында өтті. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-нан астам биші жиналды. Олар түрлі мемлекеттердің мәдениетін таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Әлемдік сахна төрінде қазақ би өнерінің жауһарына айналған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тәтидің хореографиясына қойылған «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық концерттік бағдарламасы ұсынылды.
«Астана Балет» театрының әлемдік сахнада өнер көрсетуі қазақ мәдениетінің ғасырлар бойғы мұрасын көпшілікке насихаттауға мүмкіндік береді.