Алғаш рет кітапханашы ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тұңғыш рет кітапханашылар мен кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында «Абайдың алып айдыны» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін насихаттау.
Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық үміткер өтінім жіберіп, ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады.
Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері мен арнайы номинация иелеріне ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, «Абай – 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.