Мәдениет

Аида Балаева жұмыс сапары аясында Италияның Мәдениет министрімен кездесті

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапары аясында Италияның Мәдениет министрі Алессандро Джулимен кездесу өткізді.

«Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, екі ел арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған нақты қадамдарды бекітті», - делінген хабарламада.