Мәдениет

Ақын Қойшығұл Жылқышиев дүниеден өтті

Бүгін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиевтің өмірден өткенін хабарлады, Elorda.info.

Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 

 1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті, республикалық «Махамбет» қорының тетепрезиденті, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болған.

 «Тұңғыш» (1978), «Мұңкітап» (1998), «Асаукер» (2001) жыр кітаптарының авторы.

 М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған (1996). 

 «Тамаша» ойын-сауық отауын ашқаны үшін (Л.Есеновпен бірге) авторлық куәлік берілген. Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).

-->