Мәдениет

Ақтөбе облыстық драма театры Астанадағы қойылымдарына шақырады

9-11 қазан аралығында Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры елорда көрермендеріне арнап гастрольдік қойылымдарын ұсынады. Гастрольдік сапар театрдың 35-маусымы аясында ұйымдастырылып отыр. Қойылымдар Астананың Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Репертуар:

• 9 қазан – «Әлия» (автор: Ә. Дәулетбаева, режиссер: Е. Нұртазин)

Батыр қыз Әлия Молдағұлованың ерлігі мен рухын арқау еткен бұл спектакль — көрермен жүрегіне отансүйгіштік пен адамгершілік сезімін ұялатады.

• 10 қазан – «Тазының өлімі» (автор: М. Мағауин, режиссер: М. Хабибуллин)

Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің туындысы негізінде сахналанған бұл драма – ұлттық болмыс пен адалдық ұғымының философиялық көрінісі.

• 11 қазан – «Турандот» (автор: К. Гоцци, режиссер: А. Өмірбекұлы)

Махаббат пен тектілік, ерік пен ерлік тоғысқан итальян драматургиясының жауһары жаңа сахналық интерпретацияда көрерменге ұсынылады.

«Астана жұртымен кездесу – өңірлік театр үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік. Ақтөбе театры елорда сахнасында өз шығармашылық әлеуетін танытып, ұлттық театр өнерінің өрісін кеңейтуге ниетті.

Өнер сүйер қауымды гастрольдік қойылымдарға шақырамыз!», - делінген Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қойылымдардың өтетін орны: Астана қаласы, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

Күндері: 9-11 қазан, 2025 жыл

Басталуы: 19:00