Мәдениет

«Құдаша» халық әні Қытайда да трендке айналды (ВИДЕО)

Музыкалық жас көрермен театры әртістерінің орындауындағы «Құдаша» әні бүгінде республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен колледждердегі оқушылардың, жоғары оқу орны студенттерінің арасында кең танымалдылыққа ие болды, деп хабарлады Elorda.info.

Жуырда әлеуметтік желіде кең тараған бұл бейнеүзіктің Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында да трендке айналған видеолары тарады.

Астанадағы Музыкалық жас көрермендер театрының баспасөз хатшысы Әділғазы Кереевтің айтуынша, «Гауһартас» музыкалық драмасындағы орындалатын әндер – премьера болған күннен бастап көрермен жүрегінен орын алып, халық арасында тез тарады.

Әсіресе, халық әні «Құдаша» айналасы 2-3 аптаның ішінде инстаграм, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде миллиондаған тыңдарманын тауып, сүйікті туындыға айналып шыға келді.

-->