Мәдениет

Қаныш Сәтбаев туралы фильм көрерменге жол тартты

Бүгіннен бастап қазақтың белгілі ғалымы әрі геологы Қаныш Сәтбаевтың өмірі туралы «Қаныш» телехикаясының толықметражды нұсқасы кинотеатрға шығады, деп хабарлады Elorda.info.

Фильмнің желісіне 1926-1934 жылдарда Қарсақпай жерінде Қаныш Сәтбаевтың ерекше күш-жігерімен әлемдегі ең бай тау-кен инфрақұрылымының қалай ашылғандығы туралы тарихи оқиғалар арқау болған. Бір айта кетерлігі, фильм авторлары Қаныш Сәтбаевтың тек мықты геолог қана емес, сонымен қоса, ондаған баланы аштықтан аман алып қалған ерекше тұлға екенін көрсете білген.

Айта кетейік, «Қаныш» фильмі бірнеше халықаралық марапатқа ие болып, шетелде де танымалдыққа қол жеткізді. Атап айтсақ, 2022 жылғы желтоқсан айында Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен «Literature in Cinema» халықаралық кинофестивалінде «Үздік фильм» жүлдесін алса, осы жылдың  қаңтар айында Үндістанда өткен «Athvikvaruni International Film Festival» халықаралық кинофестивалінде үш номинация бойынша үздік атанды.

Бүгінде қалаларға, көшелерге, университетке оның есімі берілді. Сондай-ақ 2021 жылы ел Президентінің тапсырмасымен елордада Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды.

-->

Қаныш Сәтбаев 27 жасында білімі мен табандылығының арқасында сол кездегі ең ірі мыс кен орындарын ашып, кейін Қазақстанда металлогения мектебінің негізін қалады. Материалға үңіліп, ғалымның өмір тарихымен, кәсіби қызметімен танысып, ол кісінің ерік-жігеріне таңғалдым. Отбасындағы қайғылы оқиғаларға қарамастан, халқына қызмет етіп, тер төкті, ғылыммен айналысты. Менің мақсатым – халқымыздың тарихында қайратты тұлғалардың болғанын көрсету. Сондай-ақ, жастарымыз солардан үлгі-өнеге алып, отбасы, халық пен ел игілігі үшін еңбек етсе екен деймін, – дейді фильм және сериал режиссеры Ерлан Нұрмұхамбет.