Мәдениет

Қазақ фильмі: 3 киноның біреуі той туралы

Жуырда «Elorda.info» редакциясы отандық киноөндірістегі ең көп кассалық түсім жинаған фильмдердің үздік ондығын анықтады. Бір қызығы, «Томиристен» басқасы комедия жанрындағы жеңіл-желпі туындылар болып шықты.

Саннан сапа шығады демекші, қазір «Қазақфильм» киностудиясынан басқа да киноорталықтар құрылып, фильм түсірумен тұрақты айналысатын болған. Тіпті соңғы екі-үш жылдан бері олар кинотеатрларға емес, ғаламторға арнап картина жасауға көшіпті. Кілең жастар. Бір аптада бір киноның бас-аяғын қайырып, ғаламторға жүктей салады. Оны YouТube деген әлеуметтік желіден күніне бірнеше миллион адам көреді. Ақша әлгі YouTube-тен түседі дейді. Бәрі шедевр емес. Бірақ жастарға ұнайтын сияқты. Тілі жұтаған жаргон, картинасы жұпыны, мазмұны таяз болса да, бүгінгі қоғамның қотырын қасып, әлеуметтік мәселе көтереді. Бұл енді классикалық кино өнерінің санатына жатпас. Алайда мұндай жекеменшік киноорталықтардың өнімі қазақ киносына бәсеке тудырып, сапасының артуына түрткі болуы мүмкін.

Өкінішке қарай, қазақ киносында мемлекетшілдік рух, ұлттық идеология жоқтың қасы. Кино­шылар комедия жанрындағы той фильмдерін түсіруге көшті. Ең өкініштісі сол, басқа ешбір елдің кинотеатрын дәл біздікі сияқты тойдың видеосы жауып кетпеген. Соңғы бір жылда кинотеатрларда 27 қазақ киносы көрсетілді. Оның екеуі – әлеуметтік драма, екеуі – үрей фильм (ужас), үшеуі – тарихи драма, бесеуі – боевик, қалған оншақтысы – той туралы комедия мен мелодрама. Яғни сіз қазақ киносын көрем деп барған екі күннің бірінде тойдың үстінен түсесіз: үшеудің үйленуі де болды («Свадьба на троих», А.Бисембин), он алты қызға үйлену де болды («Он алты қыз», Қ.Мұстафин), ауылдан қалаға қашып барып үйленді («Побег из аула», Н.Адамбай), қаладан ауылға қашып барып үйленді («72 сағатта үйлену», Е.Жолдас), алып қашып үйленді («Мезет», А.Әбілов (қосымша линиясында), шымкентше үйленбек болды («Потому что шымкентский», Ш.Орынбаев), отызға толып та («Замуж в тридцать», А.Бисембин), толмай да үйленді («Супер той или замуж по казахски», Ғ.Асылов). Бәрінің кейіпкерлері не тойға дайындалып жатады, не той жасайды, не тойға қонақ болады, әйтеуір нысанада той маңындағы туысқандарымыздың әрекеті. Ж.Момышевтің «Бизнес по-казахски» комедиясы да жасанды дүние, Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабинасы» да сондай, «Бишарашки», «Брат или брак-2», «Бизнес по-казахски в Корее», «Аким», «Жаным, ты не поверишь!», «Розыгрыш по казахски», тағы басқа толып жатқан кассалық фильм­дер, Әсия Бағдәулетқызы әріптесім жазғанындай, мұның барлығы да – кино емес, скетчтердің жиынтығы ғана. Бірақ бұл фильмдердің шытырлатып касса жинайтын себебі – сұранысқа сай болып тұр. Бізде кино эстетикалық бірлік ретінде ешкімді қызық­тырмайды. Мақсат ойлы кино көру емес, көңіл көтеру сияқты. Сонда қазақта үйленуден басқа, ауылдан қалаға «қашу» мен қаладан ауылға «қашу» тақырыптарынан өзге проблема жоқ па дейміз ғой. Болмаса қазақты тойдан, күлкіден басқа ештеңе қызықтыра алмай ма?!

Қазіргі қазақ киносы қоғамдағы шырғалаң, әрқилы көзқарас секілді ала-құла болып, қазақ руханиятын жау­лап жатыр. Қалауын тапқандар мемлекеттен қаржысын алып, өз бетінше кино түсіріп жатыр, ал оның көркемдігі, мазмұны өнертанушылардан басқа ешкімді қызықтырған емес. Эстетикасы жоғары мәдени ортаны емес, арзан күлкіге қарқ болатын тобыр психологиясын тәрбиелеп жатырмыз. Табыс тапқанды, атақ алуды көздеген киностудиялар не болса соны түсіріп, анайы сөздермен кино түсіруге көшті. Сонда қоғамдағы көпшіліктің талғамын тәрбиелеу, ойлы дүние жасау, ұлт руханиятына жанашырлықпен қарау қайда қалды?! Оған жауапты билікте де, киногерлерде де мемлекетшілдік көзқарас болмаса, бұл жағдайдың әзірге түзеле қоюы неғайбыл…

Гүлшат Сапарқызы

-->

Қоғамдағы эстетикалық тәрбие өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін құрал десек, қазір бізде кино эстетикалық бірлік ретінде ешкімді қызықтырмайды. Мақсат ой салатын кино көру емес. Мақсат көңіл көтеру екені өкінішті-ақ.