Мәдениет

14 мемлекеттен елімізге 7 мыңға жуық аса құнды құжат әкелінді

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасаған Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова былтыр шет елдердің мұрағатынан елге әкелінген құнды құжаттар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Осман архивінен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ жеріне қатысты мәліметтер топтастырылған кітаптар әкелінген. Сонымен қатар Татарстанның мұрағатынан да тарихи тың деректер анықталған. Атап айтқанда, ол елдің архивінен мұсылман съездерінің қарарлары мен хаттамалары табылған. Сағила Нұрланованың сөзінше, аталған съездерге Әлихан Бөкейхан, Бақытжан Қаратаев және басқа да қазақ зиялылары қатысқан.

-->

Өткен жылы Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен республикалық архив қызметкерлері 14 мемлекетке шықты. Ол жақтардан аса құнды, маңызды 7 мыңға жуық құжат әкелінді. Мәселен, Германияның архивтерінен Қазақстанда болған Аустрия-Венгрия империясы зерттеушілерінің этнографиялық есептері, ХІХ ғасырдағы Қазақстанға, Орталық Азияға жасалған неміс зерттеу сапарларының нәтижелері, Штази архивінде бұрын құпия болған Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты құжаттар табылды. Санкт-Петербургтегі Ресей мемлекеттік тарихи архивінде XVIII-ХІХ ғасырдың басындағы қазақ сұлтандарының императорлық әкімшілік өкілдерімен жазысқан хаттары табылды. Көптеген жыл бойы қазақ даласында өмір сүрген қазақ тарихының білгірі Василий Григорьевтің ұлы далада заңдық күші бар әдет-ғұрыптарды - кісі өлтіру, ұрлық құнын төлеу туралы қазақ заңдарының үзінділерін жинап, басып шығару қажеттілігі айтылған құжаттары табылды. Яғни, бұдан қазақ даласында құқықтық нормалар мен қылмыстық кодекстің жұмыс істегенін көруге болады. Бұл қазақ қоғамы артта қалды деген жансақ пікірлерді жоққа шығарады, - деп мәлімдеді Сағила Нұрланова.