Мәдениет

Ержан Максим әлемдік байқауда Гран-при жеңіп алды

15 жастағы қазақстандық әнші Ержан Максим WAF CONTEST әлемдік байқауының Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы жас өнерпаз Instagram парақшасында мәлімдеді.

"WAF AWARDS" премиясы марапатына әлемнің түкпір-түкпірінен 12 бала таңдалған. Олардың ішінде Ержан Максим де бар.

Ержан Максим Орал қаласында дүниеге келген. Бірінші арнадағы "Голос. Дети" тележобасына, сондай-ақ көптеген отандық және шетелдік вокалдық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алған.

-->

15 жастағы қазақстандық әнші Ержан Максим WAF CONTEST әлемдік байқауының Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы жас өнерпаз Instagram парақшасында мәлімдеді.

Ал Қазақ елі, жеңіс құтты болсын! Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға-тілектерін жаудырып жатқан еліме, ҚазҰУ ұжымына және ректор Айман Мұсаходжаеваға  ерекше алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, осы Македония елінің құрметті азаматы, WAF президенті Мариан Катароски мырзаға алғысымды айтамын, – деп жазды Ержан Максим.

"WAF AWARDS" премиясы марапатына әлемнің түкпір-түкпірінен 12 бала таңдалған. Олардың ішінде Ержан Максим де бар.

16 елден 32 конкурсқа қатысушы бала келді, мен басында конкурсқа қатысамын деп ойлаған жоқпын, бірақ Мариян Катароски мырза "Конкурсқа қатысып, бағыңды сынап көрсеңші " деп қолқа салды, мен көп ойланбай келісімімді бердім. Мінеки нәтижесін көріп отырсыздар, – деп жазды ол. 

Ержан Максим Орал қаласында дүниеге келген. Бірінші арнадағы "Голос. Дети" тележобасына, сондай-ақ көптеген отандық және шетелдік вокалдық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алған.