Димаш Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
Димаш Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
-->Димаш Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Қазақ ән өнерінің негізін салушы, тұтастай еліміздің абыз анасы тек қуанышқа бөлене бергей!Апамыз биыл 93 жаста! Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де,Америка елінде де,басқа мемлекеттерде де жарыста жүрген кездерімде әрқашан бата беріп шығарып салатын кездеріңіз мәнгі есімде қалады. Қазақ ән өнерінің – анасы екендігіңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 95 және 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге, барлық жастарға үлгі өнеге! Қазақ қоғамы апамыздың өнерін сақтап, ғасырдан ғасырға жеткізу әр азаматқа парыз, - деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.