Мәдениет

Рамазан Стамғазиев шенеуніктердің Нүсіпжановқа көңіл бөлмегеніне қынжылды

Белгілі әнші Рамазан Стамғазиев күні кеше ауырып, ауруханаға түскен Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа ақ жағалылардың көңіл бөлмегенін айтып, өз ренішін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. 

Оқи отырыңыз: Нұрғали Нүсіпжанов ауруханаға түсті

-->

Нұрғали ағамен кеше хабарласып жағдайын сұрадым. Аға ауырып қалды деп жатыр, қалыңыз қалай, аман-есенсіз бе деп?

Бір аунап тұрдым, қаттылау келді, түрі жаман деп біраз әңгімелестік. Шүкір, кәзіргі жағдайы жаман емес, сахнаға шығуға, ән салуға шамасы жетіп-ақ тұр.

Іштегі бір өкініш 85 жасқа келгенде, жоғарыдағы мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім….

Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғаны, дүркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей тұрғанын естіп, мен де ойланып қалдым. Қазақ өнерінің қара нары, бүткіл өмірін өнерге арнаған аабыз ақсақал күнде 85-ке келіп жатқан жоқ.

Алматының Мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап орыр?

Мәдениет министрі, көмекшілері қайда?

Оларға айтатын адам жоқ па… Ұят болды, айтатын сөзім жоқ.

Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін!

Жасай беріңіз, Нұр аға, 90-100-ге келген тойыңызды амандық болса

көруге жазсын! – деп жазды Рамазан Стамғазиев.