Мәдениет

Қызылордада ақын Әскербек Рахымбекұлын еске алу іс-шарасы өтті

Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінде облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әскербек Рахымбекұлының 80 жылдығына орай «Қара өлеңнің құлагері» атты еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda info.

Аймақ басшысының тапсырмасымен өткізілген жиынға облыстың зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және ақынның туған-туыстары мен жақындары қатысты.

Іс-шарада Әскербек Рахымбекұлының бірге оқыған достары, замандастары, жазушы Махмұтбай Әміреұлы, ақын Қаршыға Есімсейітова, Зинабдин Шермұхамедұлы, Шәкизада Әбдікәрімов және Дүйсенбек Аяшұлы жылы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ Алашқа белгілі ақын, Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Ахмет Нишати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері Шәкизада Әбдікәріов те сөз сөйледі. 

Сондай-ақ іс-шарада облыстық Жастар театрының әртістері ақын өлеңдерін жатқа оқыса, қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары Ә. Рахымбекұлының сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқады.

Қасиетті топырақтан нәр алып, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Әскербек Рахымбекұлының есімі қазақ өлеңі тірі тұрғанда жасай бермек.

-->

Әсекең өте ақжарқын жан еді. Әрдайым өзінің артынан ерген іні-қарындастарына үлгі болып, жанындағыларға жылулық сыйлай білді. Осы қасиеті арқылы ортасында абыройлы болды. Бүгінгі еске алу кеші келер ұрпаққа қалатын ізгілікті іс. Қазақ поэзиясында Әскербектің есімі мәңгі өшпейді», - деді Махмұтбай Әміреұлы.

Сондай-ақ Алашқа белгілі ақын, Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Ахмет Нишати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері Шәкизада Әбдікәріов те сөз сөйледі. 

Табиғат тазаруы үшін жаңбыр керек, ал адам рухани тазаруы үшін ақын керек... 
Бүгінгі кеште Әсағаның жыр шумақтарын қайта еске түсірдік. Ол - әдебиетке ғана емес, Сыр мәдениетіне де үлкен үлес қосқан тұлға. Әскербек Рахымбекұлы - сөз құдыретін биікке көтерген, әр сөзінің астарында ақиқат тұратын ақынның артында мол мұра қалды, - деді қаламгер.