Мәдениет

«Қазақ Барбиі» халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

10 жастағы Рамина Сатыбалды Армения астанасында өткен халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан қатысып, бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, жас әнші Ереван төрінде «Қазақпын» және «Wrecking ball» әндерін шырқап, ең жоғары ұпай жинаған. Бұл жеңісі арқылы ол Италияда өтетін «Viva Italia» байқауына жолдама алып отыр. Айта кетсек, «Golden Voice» атты байқауға АҚШ, Ресей, Армения, Эстония, Литва сияқты бірнеше елдің 100-ден астам үміткері қатысқан.

-->

«Бозторғай» және «Шаттық» халықаралық байқауларының директоры, Халықаралық байқаулар мен фестивальдер қауымдастығының мүшесі, «Славянский базар в Витебске» халықаралық өнер фестиваліндегі Қазақстанның ресми өкілі Қарлығаш Әбдікәрімова хабарласып, Рамина Қазақстанның атынан шығады деп айтты. Қатты қуандық, бірден «Барамыз!» дедік. Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова сияқты қазақ өнерінің мақтаныштарын алғашқы ірі байқауларға алып шыққан білікті маманның назары біздің қызымызға ауғанына қатты қуаныштымыз. Оның Раминаға қойған «Барби» деген лақап аты қазір кеңінен таралып кетті. Бәрі қызымызды «Қазақ Барбиі» деп таниды, - деді әншінің анасы Рауан Міржүсіпова.