Мәдениет

«Қара қабылан: Ваканда жасасын!» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

Қазақстанда Marvel киноәлемінің жанкүйерлері «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» фильмін қазақ тілінде көре алады, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт мнистрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кинокартинаның премьерасында еліміз әлемдік деңгейдегі сапалы контентті қазақ тілінде ұсыну бағытында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.

Айта кетейік, «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» - Marvel студиясының қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі.

10 қарашадан бастап 16 жастан асқан көрермендер блокбастерді еліміздің барлық кинотеатрларында көре алады.

-->

Қазақ тіліндегі кинокартиналарға сұраныс артып келеді. Халыққа рейтингі жоғары фильмдерді қазақ тілінде көрсету – идеологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Осы мақсатта біз голливудттық жаңа туындыларды ана тілімізге дубляждау бойынша арнайы жобаны қолға алған едік. Тілге деген ең үлкен қолдау – оны қолдану. Бүгінде ана тілімізде сөйлейтін жастар да, оны үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің де қатары артып келеді. Сондықтан қазақтілді контентті бірге дамытайық, - деді Дәурен Абаев.