Мәдениет

Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтеді

Бұл туралы Мәдениет комитетінің басшысы Роза Кәрібжанова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы Мәдениет комитетінің басшысы Роза Кәрібжанова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

26-29 қазанда Қазақстанда Қырғыз Республикасының Мәдениет күндері өтті, оның шеңберінде Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концерті, қырғыз киносы күндері, екі елдің зиялы қауым форумы ұйымдастырылды. Биыл 21-25 қарашада Астанада Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізу көзделіп отыр. Бұған қоса 28-30 қарашада Белоруссияда Қазақстанның мәдениет күндері аясында қазақстандық өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Гала-концерт, қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастыру, қазақстандық киноны көрсету жоспарланып отыр, - деді Р.Кәрібжанова.