«Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысы басталды
Көне Бозоқ қалашығын қайта құру және археология ескерткіштерінің түпнұсқалығын сақтай отырып, ботай, сақтар, ғұндар, түркілердің тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жоба – «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысы басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты іс-шара аясында «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырылды, жиынға тарихшылар, археологтар, қоғам қайраткерлері және қазба жұмыстарын меңгеруге ниетті жас мамандар қатысты.
«Бозоқ» ұлттық паркі Астананың туристік бренді әрі маңдайалды символы, елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалыс орнына айналады, ішкі және халықаралық туризмнің өсуін қамтамасыз етеді.
Жоба құрылысы ғалымдардың қадағалауымен 2025 жылға дейін жалғасады. Ұлттық парк іргетасы қаланатын орында мамандар 20 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
-->Көне Бозоқ қалашығын қайта құру және археология ескерткіштерінің түпнұсқалығын сақтай отырып, ботай, сақтар, ғұндар, түркілердің тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жоба – «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысы басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты іс-шара аясында «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырылды, жиынға тарихшылар, археологтар, қоғам қайраткерлері және қазба жұмыстарын меңгеруге ниетті жас мамандар қатысты.
«Бозоқ» ұлттық паркі Астананың туристік бренді әрі маңдайалды символы, елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалыс орнына айналады, ішкі және халықаралық туризмнің өсуін қамтамасыз етеді.
Бозоқтың ежелгі қалашығы біздің халқымыз үшін үлкен тарихи және қасиетті құндылыққа ие. Бұл жерде ұлттық саябақ құрудағы мақсат – тарихи-мәдени мұраның бай қабатын сақтау және онымен үндес болу, оны қалың жұртқа көрсетіп, танымал ету. Болашақта бұл аумақ Ұлы дала тарихын бейнелейтін кешенді археологиялық саябаққа, елордамыздың тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен әлемнің түпкір-түпкірінен келген туристерді тартатын орталыққа айналады, – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Жоба құрылысы ғалымдардың қадағалауымен 2025 жылға дейін жалғасады. Ұлттық парк іргетасы қаланатын орында мамандар 20 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Біз Қазақстанның қазіргі астанасында ежелгі уақытта адамдар өмір сүргенін ғылыми негізде айта аламыз. Бұл туралы 1998 жылы Бозоқ қалашығын ашқан есімі әлемге танымал археолог Кемел Ақышевтің ғылыми тұжырымдамаларының арқасында біліп отырмыз, ежелгі шаһардың қирандылары Бұзықты көлінің шығыс жағалауынан табылған. Осы 20 жыл ішінде ғалымдар бұл аймаққа қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауқымды істер атқарды. Мұнда табылған әрбір жәдігер осы аумақтың бай мәдениеті бар болғанын дәлелдейді, – деді «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бурбаева.