Елордада өткен «Күй жәрмеңкесінде» Жамбыл жырлары оқылды
«Күй анасы» республикалық қорының ұйытқы болуымен елордадағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанында «Күй жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жыр мен күй жәрмеңкесі жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы, академик Уәлихан Қалижан баяндама жасады.
«Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев бұл іс-шара өнерлі жастардың талабын шыңдауға, бағын ашуға бағытталғанын жеткізді.
Іс-шарада халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Құрман Байтас Жамбылдың «Төгейін жырды халқыма» деген толғауын орындаса, Нұрғиса Тілендиевтің Жамбылдың 100 жылдығына арнап жазған «Ата толғауы» атты күйін Мәдениет саласының үздігі Батырлан Әбенов құйқылжыта тартты. Ал түрлі байқаулардың лауреаты Бауыржан Жолдыбеков композитор Төлеген Момбековтың «Жамбылға арнау» атты күйін әуелетсе, композитор Кентау Назарбек өзінің «Мен қазақпын» атты толғауын оқып берді.
Іс-шара барысында Астана қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері Үміт Сәдуақасова өзінің Сәдуақасов Нұрәлі есімді немересіне домбыра сыйлады. Өнерлі жасқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, күйші-ұстаз Орынбай Дүйсен бата берді. Одан кейін О.Дүйсен Жамбылдың шәкірті Кенен Әзірбаевтың «Құлақ күйін» орындап, қошеметке бөленді.
Сонымен қатар «Күй анасы» қоры атынан елордалық «Нұржұлдыз» ұлттық музыкалық студиясының жетекшісі Айым Мұхтарқызы мен студия оқушылары Томирис Досжанова және Ақдияр Акшоринге 5 домбыра сыйға тартылды.
«Жыр мен күй жәрмеңкесінде» Жамбыл Жабаевтың өлеңдері оқылды.
Дәстүр бойынша Жамбыл Жабаевтың жырларын және басқа күйшілердің күйлерін тарту сайысы өткізілді. Төрешілер алқасының шешімі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге сый-сияпат табыс етілді.
Айта кетейік, «Күй анасы» республикалық қоры мұрындық болған осы мәдени іс-шараның өтуіне Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімдігі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесі және Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы атсалысты.
-->«Күй анасы» республикалық қорының ұйытқы болуымен елордадағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанында «Күй жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жыр мен күй жәрмеңкесі жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы, академик Уәлихан Қалижан баяндама жасады.
Ұлы Абайсыз, ұлы Жамбылсыз біз қалай «Жаңа Қазақстанның» ұлттық құндылықтарын ұлықтаймыз?! «Жаңа Қазақстан» ұрпақтары – бабалар мұрасына зәру. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамға жаңа форматты түсінік алып келді. «Жаңа Қазақстанды» хәкім Абайсыз, Жамбыл жыраусыз құруға бола ма? Болмайды, - деді ол.
«Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев бұл іс-шара өнерлі жастардың талабын шыңдауға, бағын ашуға бағытталғанын жеткізді.
«Күй анасы» қоры басты мақсатының бірі ретінде ұлтымыздың төл аспабы – домбыраны, күйлерді, күйшілер мен композиторларды, сонымен қатар дәстүрлі өлең мен жырларды дәріптеп насихаттауды қолға алуда. Осы күнге дейін арнайы және қолжетімді шеберлерге 187 домбыраны жасатып, еліміздің түрлі нысандағы өнер мектептеріне тегін тараттық, - деді ол.