«Аватар» фильмі енді қазақ тілінде көрсетіледі
«Аватар» фильмі қазақ тілінде көрсетілетін болды, деп хабарлады Elorda.info.
Министр түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болады деп күтіліп жатқан «Аватар: Су жолы» екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отырғанын жеткізді. Оның премьерасы 16 желтоқсанда болады.
Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарған.
Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп, премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждайды.
Дәурен Абаевтың айтуынша, министрлік алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып, картиналардың қазақ тіліндегі прокатын көбейте бермек.
-->«Аватар» фильмі қазақ тілінде көрсетілетін болды, деп хабарлады Elorda.info.
Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады, – деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің facebook-парақшасында.