Мәдениет

Эстонияда Семей ядролық полигонына арналған фотокөрме өтті

Қазақстан елшілігі Эстония астанасында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара сондай-ақ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналды.

Көрмеге келушілерге полигонның әртүрлі бөліктерінен алынған, ядролық апаттың салдарын жеткізетін бірегей тарихи фотосуреттер, сондай-ақ атом энергетикасына қатысты қазақстандық ғылымның заманауи дамуын және Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау қозғалысына қосқан үлесін көрсететін фотосуреттер ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар Қазақстанның өткен тарихына қарап, ядролық қару жарысының кері әсері мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның назарын арттыруға арналған. Көрмеге келушілердің бірі эстониялық фотограф Олев Михкельмаа: «Осындай адамгершілікке жатпайтын сынақтардан аман өткен елдің ядролық қаруға толық тыйым салу қозғалысының алдыңғы қатарында болуға толық құқығы бар» деп мойындады.

Соңғы жылдары Эстония жұртшылығы тақырыптық көрмелер арқылы Қазақстан өмірінің түрлі қырларымен көбірек таныс болды. Бұған дейін, қыркүйек айының басында Таллин орталық кітапханасында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі нысандарының экспозициясы ашылды, сонымен қатар өткен жылдың күзінде Таллиннің орталық Кадриорг саябағында Қазақстан табиғатының сұлулығы туралы фотокөрме өтті.

-->