Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінің арнайы сыйлығына ие болды
«Мұқағали» қазақстандық фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы Қазақфильм мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген кинотаспа аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.
Еске салсақ, «Мұқағали» фильмінің әлемдік премьерасы «Қараңғы түндер» (PÖFF) 25-ші Таллин кинофестивалінің аясында өтті. Онда қазақстандық фильм экуменикалық қазылар алқасының сыйлығын алды.
Биылғы наурыз айында биографиялық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды.
Ал тамыз айының басында Қырғызстанда өткен «Қазақстан киносының күндері» аталған фильммен ашылды. 15-20 қыркүйек аралығында фильм Гатчиндегі 28-ші Халықаралық «Әдебиет және кино» кинофестиваліне (Ресей) қатысады деп күтілуде.
-->«Мұқағали» қазақстандық фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы Қазақфильм мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі қазақстандық режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі XVIII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.
Негізгі байқау бағдарламасына Қазақстан, Түркия, Үндістан, Иран, Бангладеш, Ресей, Египет, Шри-Ланкадан 10 картина, сондай-ақ копродукцияда түсірілген екі таспа ұсынылды. Биыл әлемнің 44 елінен барлығы 625 өтінім тіркелді, - делінген киностудия мәліметінде.