Мәдениет

Қазақстан атынан «Junior Eurovision 2022» байқауына кім қатысады

Бес күнге созылған өнер додасында әлемнің 8 елінен келген 10-16 жас аралығындағы 21 талантты жасөспірім сайысқа түсті. 

Гала-концерттің қорытындысына сәйкес халықаралық деңгейдегі ән байқауында ел намысын қорғап, абыройын асқақтатуға лайықты деп 11 жасар Давид Чарлин танылды. Үздік атанған жас талантқа «Хабар» агенттігінің атынан арнайы сертификат табысталды.

2018 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Baqytty Вala-2022» байқауына алғашқы жылы 420, 2019 жылы – 500-ден аса, былтыр 180 өнерлі өрен қатысуға ниет білдірген. Оның ішінде өз елімізден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Түркия, Грекия, Испания, Румыния, Польша, Канададан үміткерлер болды. Биыл іріктеу кезеңіне 200-ге жуық өтініш қабылданып, 21 жеткіншек ақтық мәреге жолдама алды.

«Хабар» агенттігі «Baqytty bala-2022» байқауын көрермен назарына ұсынып қана қоймай, өнер додасында ерекше көзге түскен дарын иесін таңдап алып, «Junior Eurovision 2022» ән байқауына Қазақстан атынан қатыстыру туралы шешім қабылдаған еді.

«Хабар» агенттігі «Junior Eurovision 2022» ән байқауын көрсету құқығына ие ұлттық телехабар таратушы ретінде енді Давид Чарлинді байқау талаптарына сай жан-жақты дайындап, арнайы ән жазғызып, ел намысын қорғау үшін желтоқсан айында Ереванда өтетін ақтық сынға аттандырады. Аталмыш байқауға Қазақстанның қатысуы – «Хабар» агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

-->