Мәдениет

Бішкекте Қазақстанның кино күндері өтті

Бірінші күні көрермендерге режиссер Болат Қалымбетовтің "Мұқағали" көркем фильмінің премьерасы ұсынылды. Автордың айтуынша, картина бар болғаны 45 жыл өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Экран арқылы ол ақынның қиын тағдыры туралы түсінігін көрсетуге, оның өмірі, отбасы және кенеттен қайтыс болуының мүмкін себептері туралы айтуға тырысқан.

Іс-шараға ҚР Қырғызстандағы Елшілігінің дипломаттары, фильмнің режиссері Болат Қалымбеков, кино актері Төлепберген Байсақалов, продюсер Диана Әшімова, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ қызметкерлері Әсел Ырыс, Қанат Төребай, Жанкелді Өмірәлиев, кинотанушы және киносыншы Гүлбара Толомушева, қырғыз кинематографистері және т.б. қатысты.

"Мұқағали" картинасы 25-ші Таллин кинофестивалінде экуменикалық қазылар алқасының сыйлығына ие болды. Фильм ресми түрде прокатқа осы жылдың 21 қазанында шығады. Қазақстандық кино күндері режиссер Айжан Қасымбектің "От" фильмінің көрсетілімімен жалғасты.

-->

Фильмді тамашалауға келгендердің барлығына, қырғыз тарапына біздің кинематографистерді ңжылы қабылдағаны үшін алғысымды білдіремін! Менің ойымша, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық кеңейіп, тек бейбітшілікке, бауырластыққа және өзара түсіністікке жеткізілуі тиіс. Осындай шығармашылық жұмыстар халықты жақындастыра түседі. Бауырлас мемлекеттер арасында көптеген жаңа бірлескен жобалар тілеймін. Ақын Олжас Сүлейменовтің сөзімен аяқтағым келеді:" Мен өзімнің Даламды әрдайым асқақтатамын, бірақ бөтен тауды еш қорламаймын...", - деді Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің дипломаты Асхат Сыздықов.