Елімізде 2 500-ден астам домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады (ФОТО)
Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады. Сондай-ақ, өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композициясын акапелла түрінде айтты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.
Байқау 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 16-35 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Ол өтінімдерді қабылдау, офлайн тыңдау және финал болып үш кезеңнен тұрады. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады.
-->Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады. Сондай-ақ, өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композициясын акапелла түрінде айтты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.
Бұл акция халық арасында ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі болып саналатын көне музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. Домбыра – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, қазақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Осы алаңды пайдалана отырып, біз «Қасиетті домбыра» республикалық байқауының басталғаны туралы жариялаймыз, - деп атап өтті партияның жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.