Мәдениет

2030 жылға қарай отандық фильмдер прокаты 35% -ға артады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, отандық кинематографияны, оның ішінде жеке кинокомпанияларды дамыту және қолдау шаралары арқылы қазақстандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% (былтыр 13%) артады.

Одан бөлек, министр музейлер мен кітапханалар көпфункционалды ақпараттық және демалыс орталығына айналу керектігін айтты.

-->

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Мәдениеттің барлық бағытын дамыту және қолдаудың жүйелі шаралары жалғасын табады. Мәдениет пен өнерде жүрген талантты жастарды халықаралық аренаға шығару мақсатында жаңа конкурстар, фестивальдерге қатыстыру жағы қаралып жатыр. Алдағы уақытта мемлекеттік театр репертуарлары жыл сайын кем дегенде бір отандық қойылыммен толығып отырады, - деді Асхат Оралов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, отандық кинематографияны, оның ішінде жеке кинокомпанияларды дамыту және қолдау шаралары арқылы қазақстандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% (былтыр 13%) артады.

Сондай-ақ қазақстандық кинематографияның халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысу аясы да ұлғаяды. Өңірлерде кешенді мемлекеттік-жеке меншік кинопрокатты ұйымдастыру мақсатында проекциялық жабдықтар мен жылжымалы киноқондырғыларды кезең-кезеңімен алу мәселесі пысықталады, - дейді ол.

Одан бөлек, министр музейлер мен кітапханалар көпфункционалды ақпараттық және демалыс орталығына айналу керектігін айтты.

Ол үшін музей және кітапхана қорларын кезең-кезеңімен толықтырырып, цифрландыру шаралары қолға алынады. Музейлер мен кітапханалар заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көпфункционалды институттарға, коворкинг орталықтарына айналады, - деді А. Оралов.