2023: Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы жұмысы жанданған жыл болды
2023 жыл ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының жұмысы жандана түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл Атап айтқанда, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) ретінде қайта құрылды. Париж қаласында еліміздің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылды. Осы беделді ұйымның клуб қозғалысы аясында Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды,- деп жазды Мемлекеттік хатшы.
Ол сонымен қатар Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығы аумақтары Дүниежүзілік мұра тізіміне қосылғанын атап өтті.
Ол ЮНЕСКО-ның Бас директорының елімізге арнайы жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды.
Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, 2024 жылы Ұлттық комиссия білім, ғылым, мәдениет, ақпарат, және коммуникация салалары сияқты ЮНЕСКО мандатының барлық бағыттары бойынша мәдени мұраларымызды қорғау жұмысын жалғастыратын болады.
-->Бұл Атап айтқанда, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) ретінде қайта құрылды. Париж қаласында еліміздің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылды. Осы беделді ұйымның клуб қозғалысы аясында Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды,- деп жазды Мемлекеттік хатшы.
Ол сонымен қатар Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығы аумақтары Дүниежүзілік мұра тізіміне қосылғанын атап өтті.
Еліміз ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне мүше болды. Бұл – өтіп бара жатқан жылдағы маңызды жетістіктің бірі. Онда Қазақстан өтініштерді ЮНЕСКО-ның тізіміне қосу туралы шешім қабылдауға атсалысады. Сондай-ақ «Тұранның қысқы суық шөлдері» трансұлттық нысанының құрамдас бөлігі ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығы аумақтары Дүниежүзілік мұра тізіміне қосылды. 2024-2025 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне жазушы Б.Соқпақбаевтың және композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы ұсыныс қолдау тапты. «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсыныс та қабылданды. Қазақстанның бастамасымен 20 мамырды Дүниежүзілік метрология күні деп белгілеу туралы қарар мақұлданды,- деді Е. Қарин.
Ол ЮНЕСКО-ның Бас директорының елімізге арнайы жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле елімізге ресми сапармен келді. Осы сапар аясында Одрэ Азуле Астанадан бөлек, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы барып, Қазақстанда тарихи-мәдени мұраларды сақтап қалу үшін атқарылып жатқан іс-шаралар барысымен танысты, - деп атап өтті.
Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, 2024 жылы Ұлттық комиссия білім, ғылым, мәдениет, ақпарат, және коммуникация салалары сияқты ЮНЕСКО мандатының барлық бағыттары бойынша мәдени мұраларымызды қорғау жұмысын жалғастыратын болады.