«Ұйқым келмейді»: Елордада Оралхан Бөкейдің шығармасы қайта жаңғырды
1 сағатқа созылған қойылым көрермендердің көңілінен шықты. Шығарманың авторы - драматург, журналист, жазушы Оралхан Бөкей. Бәзіл Сұлтанғазы қоюшы режиссерлік еткен спектакльде 8 актер ойнайды. Барлығы - Қаллеки театрының жастары. Бұл қойылымның көрерменге берер ойы - адаспау және шынайы махаббатыңды тауып, қателіктерге жол бермеу. Спектакльде жападан жалғыз қалып, ұйқысы қашқан қаламгер Жеңісхан мен Бақыт есімді қыз туралы баяндалады.
Назерке МАКСИМОВА,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық
өнер академиясының 2-курс студенті
-->

«Ұйқым келмейді» драмасының дайындық барысы бір айға созылды, кейде тіпті түнгі 3-ке дейін дайындалатынбыз. Себебі бұл спектакльді біз өзіндік жұмыс ретінде алғанбыз, - деп ойын бөлісті театр актрисасы Динара Егубаева.
Назерке МАКСИМОВА,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық
өнер академиясының 2-курс студенті