Мәдениет

«Еңсесі биік – елорда»: Мүшәйра жеңімпаздары анықталды

Биылғы жыр додасына 60 шығарма түсті. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы бастаған, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, халықарық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы кірген қазылар алқасының құрамы бәйгеге түскен шығармаларды саралай, сараптай келе жүлдегерлерді анықтады.

Бас жүлдені елордалық ақын, «Махамбет», «Төлеген Айбергенов» атындағы сыйлықтардың лауреаты Оңайгүл Тұржан «Елордамен сырласу» атты өлеңдер топтамасымен қанжығасына байлады. Бірінші орынды елордалық ақын Серікзат Дүйсенғазы «Еңсесі биік елорда» атты толғауымен еншіледі.

Екінші екі орынды елордалық ақын Жанат Әскербекқызы «Астанам» өлеңдер топтамасымен және павлодарлық жас ақын Дариға Бақберген «Кенесарының монологы» атты өлеңімен иеленді.

Үшінші үш орынды алматылық ақындар Әсел Оспан «Астананың әз жұрты», Мұратқан Шоқан «Көшең толып жатсын гүлге, күлкіге» топтамасымен, елордалық ақын Ауыт Мұқибек «Елордам менің – бақ ордам» өлеңімен алды.

Бес ынталандыру сыйлығы көкшетаулық ақын Мұхамед Қонқаев және елордалық ақындар Шерхан Талап, Дүйсенәлі Әлімақын, Мұқият Қойшыбай, Кәдірхан Қизатқа бұйырды.

Жүлдегерлерді марапаттау шілденің 1 күні сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, «Жастар» сарайында өтеді.

Аманғали Қалжанов

-->