Елордада Музыкалық жас көрермен театры көрермендерге жаңа қойылым ұсынады
Психологиялық абсурд жанрындағы шығармада жеке адамның мәселесі арқылы қоғам мәселесі көтеріледі. Қойылым қоғамдағы адамның өмірі зообақтағы аңның өміріндей шектеулі деген ойға жетелейді.
Қойылым режиссері осы спектакаль арқылы үлкен қаладағы жалғыздықты, адам жанының жалғыздығын суреттейді.
Қойылым авторы – Э.Олби, қазақшаға аударған – Қ.Төлеуішов, қоюшы-режиссері және сценограф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров, режиссердің ассистенті – көптеген халықаралық фестивальдің лауреаты Д.Базарқұлов, костюм суретшісі – І.Каримова, дыбыс режиссері – Ж.Әбдірахман, жарық суретшісі – Айдын Досаев.
-->Психологиялық абсурд жанрындағы шығармада жеке адамның мәселесі арқылы қоғам мәселесі көтеріледі. Қойылым қоғамдағы адамның өмірі зообақтағы аңның өміріндей шектеулі деген ойға жетелейді.
Спектакль Джерри мен Питердің диалогы арасында өрбиді. Джерри – тастанды жігіт, ата-ананың аялы алақанын, жылулығын сезініп көрмеген көшенің жалаң аяғы. Ал Питер – жұмысы, үйі, әйелі, екі баласы бар бақытты отағасы. Салыстырып қарасақ, екеуі – екі әлемнің адамы. Бірақ екеуін ортақтастырып тұрған бір кесел бар, ол - жалғыздық. Бірінде бақытты болу үшін бәрі болса, екіншісінде осы өмірде тірі пендені бақытты етер дүниелердің бірі де жоқ.
Шешімі жоқ өмірмен одан әрі күресер шамасы болмаған Джерри өзін ажалға қиса, Питер өзіне темір тордағы өміріне еш қарсылықсыз көндіккенін, тіпті сол өміріне риза екенін айтады.
Бостандықтағы аң еркінен айырылып, темір торға қамалып, қиналады. Ал адам болса, өзіндік ерекшелігін жоғалтып, өмір талабына бағына отырып, өзін-өзі ерікті түрде торға қамаған, - делінген театр хабарламасында.