Мәдениет

«Аяғы ауырса да, мені мектепке апаратын»: Димаш Құдайберген әжесі жайлы айтты (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша, кішкентайынан тәрбиелеген әжесі аяғының ауыратынына қарамастан, немересінің болашағы үшін барын салған. 

Осы орайда Саймон әншіден:

 

-->

Әншінің айтуынша, кішкентайынан тәрбиелеген әжесі аяғының ауыратынына қарамастан, немересінің болашағы үшін барын салған. 

Мен 5 жаста болғанда әжем мені музыкалық мектепке алып баратын. Ол кезде әжемнің аяғы ауыратын, бірақ соған қарамастан әр таң сайын ол мені музыка мектебіне апарып, үш сағат сонда күтіп тұратын. Түсінесіз бе? Сол уақыттан бері мен үнемі білім алудамын. Қазір мен университетте PhD-ге оқып жатырмын. Жалпы 23 жыл болды, - деді Димаш Құдайберген.

Осы орайда Саймон әншіден:

Қазақстанда отырып, қалай әлемді жаулап алып отырсың? - деп сұрады.  

Мен білмеймін. Мен тек «Хунан-Тв»-да өнер көрсеттім, ал келесі күні Джеки Чан сынды кумирлерім хабарласа бастады. Ол маған күртешесін сыйлады. Екеуміз кездестік, содан бері жақсы доспыз. Алғашқы кездесуден кейін үш жылдан соң қайта хабарласып: «Мен фильм түсіріп жатырмын, соның саундтрегін сенің орындағаныңды қалаймын», - деді. 
Қандай ән, қандай стильде, ол стиль маған ұнай ма, жоқ па, ойлаған жоқпын. Оның маңызы жоқ еді, себебі ол - Джеки чан еді, - деді әнші.