«Дос-Мұқасан» әншісі Димаш Құдайбергеннің қайраткер атағын алғанына қарсылығын білдірді
Alashainasy.kz сайтының жазуынша, композитор бұл туралы «Менің өмірім» бағдарламасында айтқан.
Мұрат Құсайынов қазіргі жас әншілердің оңай атақ алғанына қарсы. Әнші атақ алу үшін бірнеше жылдап еңбек ету керек деген ойын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды... – Бақыт Шадаева
”Өзін көрсетудің амалы”: Меруерт Түсіпбаева Шадаеваның сөзін жоққа шығарып, Димашты қолдады
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 2019 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
Желі қолданушылары Димашқа қолдау көрсетіп, өз пікірін жаза бастады.
-->

Димашты 16 жасынан танимын. Кезінде даусың бар, талантың бар. Сен оқып ал, сахнаға шығуға асықпа деп айтқаным рас. Талай жарыста әділқазы болып, өнерін бағаладым. Елордада бір жарыста бас жүлдені бердік. Кейін Қытайда табысты болып оралды. Атағы тарады. Қытай жалпы айқай-шуды, шыңғырғанды жақсы көретін халық. Не дегенмен Димаш табыспен оралды. Мен оның таланты барын мойындаймын. Димашқа арнайы бағдарлама керек. Себебі, оны әлем танып отыр. Онымен мәдиниет министрлігі жұмыс істеуі керек. Арнайы комиссия құру керек. Алайда министр ешнәрсе істеп жатқан жоқ. Спортқа бөлінген ақшаны да, мәдениетке бөлінге ақшаны да жеп отыр. Жас таланттарға қолдау керек. Димаш, Максим секілді өнерпаздармен арнайы бағдарлама дайындау керек.
Бірақ мен жас әншілердің атақты оңай алғанына қарсымын. Атақ алу үшін көп еңбек керек. Димашқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ол менде ғана бар атақ. Оны қазір бәріне бере беретін болды. Атақтың құны қалмай бара жатқандай. Ол үшін әнші көп еңбектену керек қой, – деді Құсайынов.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 2019 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
Желі қолданушылары Димашқа қолдау көрсетіп, өз пікірін жаза бастады.
«Димаштың тума таланты, дарыны бар. Әлемге қазақ халқы таланты халық екен деген пікір қалыптастырды. Қазақ ұлтына Европа халқы ойлана қарады», «Димашқа берілген атақ өзіне лайықты, ешнәрсе бітірмегендер де алып жатыр», «Димаш өз еңбегімен бағаланды, ешкімнің жұмысы жоқ», «Димаш өте білімді әнші! Әрбір нотасын ғажап мәдениетті орындайды!», «Димашқа тек алға дейміз. Не үшін әңгіме қозғай бересіздер? Қазақтың маңдайына біткен бір жарық жұлдызы емес пе?!», «Ағамыз атақтың қадірі кеткені жайлы айтып жатыр», «Ол да дұрыс шығар», – деп жазды желідегілер.