Гүлмира Саринаның «Ән қанатындағы гүл-көктем» атты концерті өтті
Алғашқы бөлім ұлттық музыкамыздағы шоқтығы биік әндерге арналды. Гүлмира Айымғазықызы әнші қыздардың болмысын бейнелейтін «Ботакөз» әнімен шуақты кештің шымылдығын ашып, Сәтмағамбеттің «Қанатталдысы» мен Нартайдың «Базарым тарқап барады» термесін орындап, сағынған халықтың қошеметіне бөленді.
Кешегі сал-серілердің көзіндей боп, ұстаздарына «Базарың құтты болсын» дей келген қос бірдей жігіт шәкірті өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шықты. Кештің көркі Естайдың «Юран-айы» шырқалғаннан кейін қыза түсті. Сахнаның сәні мен салтанатын келтіре шыққан шәкірт қыздары Майра Уәлиқызының жиі орындала бермейтін әндерін ұстаздарымен бірге шырқап, әдемі әуенмен әрленген көрініс өткеннен бүгінге көшіп келген өнер керуеніндей керемет әсер қалдырды.
Өзінен тәлім алып жүрген шәкірттері ұстазы үйретіп, бойларына сіңірген қыз болмысына тән, қыз үнімен үйлескен Майра әндерін нақышына келтіре орындап, сахна сәнін келтірді.
Барша көрерменге көктемнің жаймашуақ күніндей тамаша көңіл-күй сыйлап, қалың көрермен қошеметін аямай, сахнаға гүл жаудырған сәт те осы еді.
Концертке көрермен боп келген ҚР мәдениет қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі Майра Дәулетбақ:
Концерттің келесі бөлігін кеш иесі Қазақстан композиторларының әндерімен бастап, өз жүрегін жарып шыққан төл туындыларымен жалғады. Шәкірттері де ұстаздарының авторлық әндерін әуелете шырқады. Ғарифолла, Фариза, Тұрсынғазы сынды өмірден өткен аяулы тұлғаларымызға арналған арнау әндер жұрт жанарына жас ұялатты. Гүлмира Саринаның бірнеше авторлық әні «Қорқыт» этно ансамблінің сүйемелдеуімен орындалды.
-->Алғашқы бөлім ұлттық музыкамыздағы шоқтығы биік әндерге арналды. Гүлмира Айымғазықызы әнші қыздардың болмысын бейнелейтін «Ботакөз» әнімен шуақты кештің шымылдығын ашып, Сәтмағамбеттің «Қанатталдысы» мен Нартайдың «Базарым тарқап барады» термесін орындап, сағынған халықтың қошеметіне бөленді.
Кешегі сал-серілердің көзіндей боп, ұстаздарына «Базарың құтты болсын» дей келген қос бірдей жігіт шәкірті өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шықты. Кештің көркі Естайдың «Юран-айы» шырқалғаннан кейін қыза түсті. Сахнаның сәні мен салтанатын келтіре шыққан шәкірт қыздары Майра Уәлиқызының жиі орындала бермейтін әндерін ұстаздарымен бірге шырқап, әдемі әуенмен әрленген көрініс өткеннен бүгінге көшіп келген өнер керуеніндей керемет әсер қалдырды.
Өзінен тәлім алып жүрген шәкірттері ұстазы үйретіп, бойларына сіңірген қыз болмысына тән, қыз үнімен үйлескен Майра әндерін нақышына келтіре орындап, сахна сәнін келтірді.
Барша көрерменге көктемнің жаймашуақ күніндей тамаша көңіл-күй сыйлап, қалың көрермен қошеметін аямай, сахнаға гүл жаудырған сәт те осы еді.
Концертке көрермен боп келген ҚР мәдениет қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі Майра Дәулетбақ:
Гүлмира Саринадай тамаша әншіміздің ән шашу кешіне барып, сөзбен жеткізе алмайтын әсер алдым. Майра Уәлиқызының әндерінен цикл орындалғанына алғысым шексіз. Оқушылар мен колледж, университет студентерінің орындауы керемет болды. Барлық ұлттық дәстүріміздің стилі сақталған, - деп бағасын беріп, әсерімен бөлісті.