Мәдениет

«1941 жылдың жазы» атты фильм 21 сәуірде отандық кинопрокатқа шығады

«1941 жылдың жазы» – Ұлы Отан соғысына арналған алғашқы ауқымды көркем фильм. 1991 жылдан кейін Қазақстанда бұл тақырыпта шағын киножобалар мен телевизиялық сериалдар ғана түсірілген болатын.

Картинадағы басты рөлді Азамат Нығманов сомдады. Ол бірнеше әскери драмаға, оның ішінде «28 панфиловшылар» атты кинотаспаға түскен.    

Фильмнің түсірілімі соғыс кезінде фашистермен ең қатал шайқастар орын алған жерлерде өтті. Негізгі түсірілім орындары Беларусьте болса, кейбір көріністер Алматы облысында түсірілген.

-->

Фильмде екі негізгі ой бар, көрерменге оны барынша жеткізуге тырыстым. Біріншісі – қазақтар мен қазақстандықтардың бұл соғысқа қатысуы туралы. Себебі, бұл барлық 15 республиканың ортақ Отаны еді, ол үшін бәрі де бірдей жандарын қиды. Екіншісі – фильмді кеңестік киноның ең жақсы дәстүріне сай қылып жасау, яғни соғыс туралы, бірақ, соғысқа қарсы, – деді режиссер Бекболат Шекеров.